Кәмшат Жолдыбаевамен бірге клип түсірген әйгілі қырғыз әншісі өз әрекетін түсіндірді. Мирбек Атабеков бес уақыт намаз оқитынын, сондай-ақ, алғашқыда Кәмшатпен сүйісуден бас тартқанын мәлімдеді. Алайда түсірілім алаңында 50 адамның жұмыс істеп жатқанын көргенде бұл ойынан айнығанын айтты.

Бұл туралы Атабеков “Кактус медиа” басылымына сұхбат берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мирбек Атабековтің көптеген әндерін қазақ әншілері аударып, орындап жүр. Бұл орайда таныстары Мирбекке қазақ тілінде ән шырқауға ұсыныс тастаған. Атабеков көп ойланбастан келіскен. Бұл орайда ол қазақстандық клипмейкерлердің бейнебаянды өте сапалы түсіретінін айтуда.

“Әрине, бізбен салыстырғанда айырмашылық үлкен. Мұнда жұмысқа кәсіби түрде қарайды. Түсірілім алаңына келгенде қатты таңғалдым. Себебі бір ғана клип үшін 50-ден аса адам жұмыс істеп жатыр екен. Клипті сынап жатқандармен келісемін. Айтпақшы, қазақстандықтар клипке едәуір көп ақша жұмсайды екен. Онда бір клипке орта есеппен 10 мың доллардай кетеді. Ал бізде шамамен 3-5 мың долларға түсіреді.

Әрі Қазақстанда сыртқы келбетке қатты мән береді. Ал бізде әртіс бүтін стадионды жинап, сахнаға “Дордойдан” сатып алған костюммен шыға салуы мүмкін”, – дейді Атабеков.

Сондай-ақ, Атабеков Жолдыбаевамен бірігіп түсірген клипіне 15 мың доллар шамасында ақша кеткенін айтты.

“Шын мәнінде, бұл клипте тұрған ештеңе жоқ. Кез келген музыкалық арнаны ашып қараңыз, бұдан да ашық нәрселер көрсетіліп жатыр. Бірақ тыңдарманым мені басқа образда көріп үйренген. Мен тәрбиелік мәні бар әндер орындаймын, бес уақыт намаз оқимын әрі қашан да дұрыс әрекет жасауға тырысамын. Халық мені сондай қалыпта көріп үйренген, сондықтан да қатты шулатты”, – дейді Атабеков.

Әйткенмен, Мирбек алғашқыда Кәмшатпен сүйісемін деп ойламаған.

“Маған сюжет бойынша, төбелес болады деді. Кейіннен Кәмшат екеуміздің махаббат сахнасын көрсететінімізді, сүйісетінімізді естідім. Соңғысынан бірден бас тарттым. Бірақ түсірілім алаңынан сонша адамды көргенде, бас тартуға тура келді. Қырсық мінезді жұлдыз болғым келмеді. Келісуге тура келді”, – дейді Атабеков.

Бір қызығы, әртіс түсірілім алаңында жұбайының болғанын жасырмайды.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...