Зырян ауданында 14 қазан күні жоғалып кеткен қыз сәрсенбі күні өлі күйінде табылды деп хабарлайды Устинка LIVE.

Подорленок ауылының тұрғыны Екатерина 14 қазанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Екі тәулік өткен соң оның туыстары уайымдап, қызды іздей бастайды. Оны іздеуге тұрғындар мен еріктілер де көмектескен.

Алайда сәрсенбі күні қыздың өлі денесі бос жатқан аймақтан табылды. Оның мойнына арқан айналдырып, қақпаға байлап кеткен екен.

Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...