Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегіне арналған видео-анонсын ұсынды деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

https://www.instagram.com/p/BpTeNRsAoce/

Отандық боксшы өзінің Instagram парақшасына алдағы жекпе-жегіне арнайы түсірілген промо-роликті жариялады.

«Үшінші қараша күні біз сіздерге нағыз қазақи боксты көрсететін боламыз» , — деп жазылған видеоның астында.

Айта кетейік, Әлімханұлының келесі жұдырықтасуы үшінші қараша күні Техас штатындағы Эль-Пасода өтпек.

Қазақстандық спортшының қарсыласы — «Жыртқыш» лақап атымен танымал америкалық боксшы Вон Александр.

Кәсіпқой боксқа ауысқан отандасымыз үшін бұл АҚШ-та өтетін екінші жекпе-жегі болмақ. Қалған екі кездесуі Қазақстанда өткен болатын. Әзірге Жәнібек Әлімханұлы жеңіліс тапқан жоқ.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...