Жалғыздықтан құтылып, сүйген жігіттерін қарату мақсатында балгерге баратын аруларға дуа жасау үшін қандай заттар қажет? Өзге адамды қара магияның көмегімен ырқына бағындыру бойжеткендердің психологиясына кері әсер етпей ме? Бұл сұрақтарға Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасағанNUR.KZ жауап береді.

Тұрмысқа шығуды армандап жүрген Асылжан Марат есімді арудың осы уақытқа дейін бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Ол бақсы-балгерлердің де, нумерологтар мен емшілердің де есігін қаққан.

Ақырында өз әрекеттерінен еш нәтиже көрмеген ару қара магияның көмегіне жүгінемін деп шешкен екен. Алайда айдың тұтылуын күту, тұзға дем салу сынды құлаққа кірмейтін нәрселерді естіген ол бұл істен басын аулақ ұстаған көрінеді. Тіпті, олардың бірі көшеде күріш салынған ақ орамалды «Біссіміллә» деп лақтырып, артына қарамай кетіп қалу қажеттігін де айтыпты.

Жалпы қызға жігіттің көңілін аударып, оны сиқырмен қарату үшін, жалғыздықпен қоштасып, өмірлік жар кездестіру үшін ер азаматтың үйде киетін тәпішкесі, көкнәр, түрлі түсті ленталар қажет екен. Сондай-ақ, қара магиямен айналысатын дуакештер сізден сүйіктіңізді тауып беру үшін шеге, қайың сусынын, тарақ пен кішкентай айна алып келуді сұрайды екен. Одан бөлек, 13 тиын мен майшамдар да артық етпейтін көрінеді.

Ал емші Айсара Мұздыбаева бұл әрекетке көбіне 25-30 жас аралығындағы әйелдер баратынын айтады. Олар тұрмысқа шығып, бала көтеру үшін келіншектің айтқанын екі етпейтін көрінеді.

«Бір қорап тұздың ол жартысын шомылу керек. Шомылғанды зияндысы кетеді, оған мен сүрені оқыдым ғой. Жартысына жанұясымен тамақ ішеді. Ол ырыс береке алып келеді. 100 гр тұзды ақшам намазы уақытында плитаға қойып Алладан сұрайды» — дейді Мұздыбаева.

Ал психологтар бұл әрекеттердің қыз психологиясына кері әсер ететінін айтады. Олар бойжеткен еш әрекет істемей, сол дуаға сеніп қалатынын да жеткізіп отыр.

«Адам миына құйып программамен өмір сүретін болады. Мүмкіндіктерін қолдана алмай қалады. Иә, «сөйтіп айтқан екен ғой» деп программамен жүреді. Жауапкершілікті өзінен алып тастайды.Керісінше, жауапкершілікті өзіне алу керек. Сол кезде өмірде түзеледі», -деді нумеролог Жанар Рахимова.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...