Қазақстандықтар отандық шенеуніктердің жеке өмірі жайлы ақпаратқа қызығушылық танытатыны анық. Әсіресе, шенді-шекпенділердің отбасылары мен балалық шағы туралы деректер БАҚ беттерінде тым аз. NUR.KZ бүгінгі топтамада атқамінер азаматтардың қандай мектепте оқығаны жайлы азды-көпті ақпарат ұсынады.

Қазақстандық шенеуніктердің дені Жәутіков атындағы Алматыдағы республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатын тәмамдаған екен.

Фото: liter.kz

Аталған мектепті тіпті отандық министрлерді тәрбиелеп шығарған қара шаңырақ деп те атайды екен.

Фото: infodays.ru

Оңтүстік астанадағы әйгілі мектепті ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Кәрім Мәсімов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев, ұлттық банктің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовтер бітірген екен.

Фото: Liter.kz

Ел премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасарыЕрболат Досаев та аталмыш мектептің түлегі болып шықты.

Фото: abctv.kz

Сол сияқты, бұл білім ордасын Астананың су жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов бітірген.

Фото: 24.kz

Ел аузында «РФМШ» деп танылып кеткен мектептің атақты түлектерінің қатарында Яндекс компаниясының негізін қалаушы Илья Сагалович пен Аркадий Волож да бар.

Фото: 1tvnet.ru

Фото: ru.wikipedia.org

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек болса бала күнінде К.Байсейітов атындағы музыкалық мектепте оқыпты.

Ол журналистермен өткен бейресми кездесуінің бірінде бүгінде музыка әлемінен саясатқа ауысқанына еш өкінбейтінін айтқан екен.

Фото: kp.kz

Ал, белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов болса Қызылорда қаласындағы №198 мектепті бітірген екен.

Айта кетерлігі, дәл осы мектепті еліміздің даңқты зілтеміршісі Илья Ильин де тәмамдаған еді.

Фото: zannews.kz

Ел есінде еңбек және әлеуметтік қорғау министрі ретінде қалғанТамара Дүйсенова болса қазіргі Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектепті бітіріпті.

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Қарағанды облысы Нұра ауданындағы №1 Киеворта мектебінің түлегі екен.

Фото: Sputnik Қазақстан

 

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...