Павлодар қаласы мәслихатының депутаты Марат Баяндин ерекше видео түсіріп көптің ыстық ықыласына бөленді. Ол онда ресейлік Little Big тобының биін қайталап, студенттерді кешке шақырады деп жазады NUR.KZ.

Аталмыш видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде пайда болған. Онда ол бидің түбін түсіріп, соңында студенттерді арнайы кешке шақырады.

Айта кетерлігі, Марат Баяндин депутаттық қызметтен бөлек, Павлодардағы белгілі университеттің ректоры қызметін атқарып жүр.

Желі қолданушыларына ректордың мұндай креативті биі ұнап қалған сыңайлы. Олар «Тамаша жансыз», «Еңбегіңіз елене берсін», «Өмірде де өте қарапайым адам екенсіз, жарайсыз» деген пікірлерін жаудырып тастаған.

Айта кетерлігі, роликте депутат ресейлік Little Big тобының биін қайталап, топ бейнебаянындағы «SkibidiChallenge» би ырғағын қайталайды.

Аталған бейнеклиптің биін Ресейдің танымал тұлғалары да қайталап көрген еді. Олардың арасында әйгілі Иван Ургант та бар.

https://www.instagram.com/p/BpWCLQCgHdw/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...