Осыдан біраз уақыт бұрын ел алдында ажырасып кеткенін растаған Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуімен қайта қосылатын ойы жоғын айтты. Әнші баласын іздемейтін жұбайы мен жалғыз ұлының таралып кеткен видеосын түсіндіріп берді деп жазады «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тағдырына көнуден басқа амалы қалмағанын айтқан әнші, желіге таралып кеткен видеоның өткен жылы түсіргенін мәлім етті.

«Тағдыр болғаннан кейін көнемін ғой енді. Өткенде ел алдында бәрін айтқаннан кейін осы видео әлеуметтік желіге шықты. Бірақ бұл күйеуімнің баласын өмірінді бір іздегені. Ажырасқаннан кейінгі видео. Былтырғы жылы түсірілген.

 Әр адамның досы мен дұшпаны бар. Дұшпандарымның бірі шығар. Шынымды айтсам, мен мұны елеген жоқпын», — дейді Әуелбекова.

Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова балалы болғаннан кейін күйеуінің тастап кеткенін мәлім еткен болатын.

Бір жылдан аса уақыт отбасындағы қиыншылықты жасырып келген әнші, қазір өзінің әке-шешесімен бірге тұратынын айтқан.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...