Талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді қаңтар айында тапсыруға мүмкіндік туып отыр.

Ақылы бөлімде оқитын талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді қаңтар айында тапсыруға мүмкіндік туып отыр , деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі. Бұл Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады. Тестілеу ақылы, құны — 2 242 теңге.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатындар:

— Орта мектептердің 11-12 сынып оқушылары (2019-2020 оқу жылында ЖОО-да ақылы негізде оқу үшін). Қаңтар айында өтетін бұл тестілеу түлектерге негізгі тестілеудің алдында өз білімдерін тексеру үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекеттік білім беру грантына үміттенген талапкер 2019 жылғы жазда өтетін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсыруы қажет. Өйткені, қаңтар айындағы тестілеуде шекті балл жинаған тестіленуші бұл сертификатымен ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады;

— ЖОО-ға уақытша тіркелген және бірінші семестрді аяқтап жатқан студенттер. Бұл тестілеуден студент білім алып жүрген оқу орнына ресми тіркелу үшін және ЖОО-дағы оқуын жалғастыру үшін өтеді. Егер студент шекті балл (50 балл) жинай алмаса, оқудан шығарылатын болады.

Еске сала кетсек, тест тапсырушылар қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысқаннан кейін маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін байқауға қатысу мүмкіндігінен айырылмайды.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...