WhatsApp әлеуметтік желісінде өзгертулер енгізілді.

Ендігі әлеуметтік желінінің қауіпсіздігі арта түсті. Жақында аталмыш желіге Touch ID және Face ID пәрмені іске қосылады.Яғни желіге кіру үшін, адамның бет әлпеті немесе саусақ таңбасы қажет болады. Мұны ұялы телефоныңыздың баптаулары арқылы өзіңіз қосып аласыз.

Өзгертулер жаңа iPhone-ның бірнеше түрінде пайда болады. Ал Android пайдалушыларына бұл өзгерістін ауылы алыстау. Осыған дейін, WhatsApp әлеуметтік желісінің жаңартылған нұсқасында жарнама пайда болатынын хабарлаған болатынбыз. Жарнамада қысқа видеолар мен фотосуреттер көрсетіледі.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...