Қытайдың Хунань провинциясының Чанша қаласында тұратын әйел смартфонды шамадан тыс ұстауынан саусақтары иілуін тоқтатқан.

Бірнеше күн қатарынан әйел қолынан телефонды тастамаған. Бір уақытта саусақтарының қозғалыссыз қалғанын байқаған. Нәтижесінде ауруханаға баруға тура келді. Дәрігерлер оған сіңірлердің қабынуы яғни теносиновит диагнозын қойды.

Бойжеткен еңбек демалысына шыққанда бірнеше күн бойы телефоннан бас көтермей қойған. Уақыт өте келе қолының сүйектері ауыра бастаған, артынша саусақтары бүгілмей істен шыққан. Дәрігер қолын емдеп, қайталанбау үшін смартфонды сирек қолдануға кеңес берді.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...