Жүрегімді ұстадым осы жаңалыққа. Қандай намыс еді кеудесі толған мына қыздың. Жапондар жалпы жауынгер халық қой. Жігерлі қыздың жүрегі үлкен екен өзі бітімдей болса да. Үлгі алуға тұрарлық жаңалық…/QB Редакциясы/

Жапониялық жеңіл атлет эстафета кезінде аяғын сындырып, мәреге еңбектеп жетті.

19 жастағы студент Рей Айда еңбектеген күйі 180 метр жүріп, эстафетаны келесі қатысушыға тапсырған. Жарыс жолында жүгіріп келе жатқан спортшы қыз шалынып құлап, аяғын сындырып алды.

Бірақ соған қарамастан ол эстафета жолынан шыққан жоқ. Еңбектеген күйі тізесінің қанағанына қарамастан  мәре сызығынан төрттағандаған күйі өтті. Оның бұл жанкешті ерлігіне көрермендер қол шапалақтап, жарысты ұйымдастырушылар артынан үлкен құрмет көрсетті.

Мәреге жеткен студентке бірден медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлер жарақатынан толық айығу үшін 3-4 ай уақыт керек екенін мәлімдеген.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...