Көрермендер «Мұзбалақ» фильмнің қазақша нұсқадағы сеансының аздығына реніш білдіріп, оны көбейтуді талап етуде.

Бірнеше күн бұрын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Мұзбалақ» атты анимациялық фильмі қалың көрерменге жол тартқаны белгілі. Алайда көпшілік әлеуметтік желілерде фильмді қызу талқылап, кинотеатрларда қазақша нұсқадағы сеансының аздығына реніш білдіріп, оны көбейтуді талап етуде.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінің жетекшісі Айнұр Исаева өзінің Facebook парақшасында кинотеатрлар жеке-меншік иелігіндегі мекемелер болғандықтан, оларға мультфильмді қай уақытқа және қай мөлшерде қою керектігін айта алмайтындықтарын жазыпты.

«Мұзбалақ» мультфильмін прокатқа екі тілде бергенбіз — қазақ және орыс тілінде. Кинотеатрлар жекеменшік иелігіндегі мекемелер болғандықтан, біз оларға мультфильмді қай уақытқа және қай мөлшерде қою керектігін айта алмаймыз. Кинотеатр иелері оны өздері шешеді. Алайда, «Мұзбалақ» мультфильмінің негізгі аудиториясы қазақ тілді көрермендер болғандықтан, сеанстарды қайта қарастыруларын сұраймыз. Өйткені, киностудияның Facebook пен Instagram парақшасына көрермендер тарапынан қазақ тіліндегі сеанстардың аз екенін айтып, реніштерін білдіріп жатыр», — дейді Айнұр Исаева.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...