25-26 қазан күндері Қазақстанның батысынан басқа өңірлерде ауа температурасы жоғарылайды.

“Қазгидромет” РМК гидрометеорологтары 25-27 қазан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның батысына Еділ бойы аудандарынан атмосфералық фронттар жылжиды, соның әсерінен жауын-шашын, әсіресе жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.

Республиканың қалған аумағында жақын арадағы екі тәулікте антициклон сақталады, ол жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады, – делінген хабарламада.

Ең жоғарғы ауа температурасы 8-15, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 18-23, тіпті кей жерлерде 28 градус болады.

27 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың келуіне байланысты жаңбыр жаууы мүмкін.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...