Танымал отандық әзілкештер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек әнші Ерке Есмаханды алдаймыз деп дауға қалды. Ерке өзін алдамақ болған актерлерді балағаттап тастады, деп жазады Stan.kz.

Түсірілім алаңында болған оқиға желіде тарап кетті. Видеода Марат пен Еркебұланды көрген Ерке жылап, айқайға басады. Тіпті, оларға балағат сөздерін жаудырады.

Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Олардың бір тобы Еркені жақтаса, екіншілері баланың көзінше балағат сөз айтқаны үшін сынаған.

“Мүмкін баласы жайлы жаман хабар жеткізген шығар”, “алдаған да дұрыс емес”, “кім де болса ашуланған кезде жаман сөз айтып жіберуі мүмкін”, – дейді Instagram оқырмандары.

https://www.instagram.com/p/BpNHAtqnP2i/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_loading_state_camera

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...