Жол-көлік оқиғасы Алматыдағы Жандосов көшесінде, Алтынсарин көшесіне жетпей болған.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes 190 автокөлігі Жандосов көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Осы кезде оны қарсы бетке шығып кеткен Ford Focus соққан.

Алдын ала болжам бойынша және куәгерлердің айтуынша, Ford Focus жүргізушісі рөлде қалғып кетіп, қарсы жолдағы Mercedes-ті соққан. Күшті соққыдан Ford жиектасқа шығып кетіп, ағаштар арасында бір-ақ тоқтаған.

Mercedes ауыр соққыдан артқа қарай жүріп, қарсы жолақты басып өтеді де, ағаштар арасына кіріп, арыққа түсіп кеткен.

Оқыс оқиға салдарынан бес адам –  Ford Focus-тың екі жолаушысы, сондай-ақ Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы зардап шекті. Mercedes жүргізуші және жолаушысы хал үстінде жатыр.

Оқиға орнында мән-жайды анықтау үшін жол полициясының қызметкерлері, криминалистер мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...