Бүгін Мэтт Доэртимен жекпе жекке шығып, жеңіске жеткен Данияр Елеусінов желі қолданушысын жекпе жекке шақырды.

Ол жекпе жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, бұл туралы желіде жазды.

“Салмақ өлшеу рәсімі сәтті шықты. Ертең жекпе жек”, – деп жазды Елеусінов.

Оған желі қолданушысы “Чёрттармен шыға береді екенсің” деп жазды. Бұл сөз спортшының назарынан тыс қалмады. Спортшы “Келесіде сенімен шығамын онда” деп  жауап қатты.

Данияр Бостонда (Массачусетс штаты) жергілікті спортшы Мэтт Доэртимен кездесіп, кәсіби боктағы жеңісіне қол жеткізді.

Еске салайық, Данияр Елеусінов 4 тамыз күні венгриялық Габор Горбичті (26-13, 16КО) ұпай санымен жеңген болатын.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...