Бірінші ханымның суреті қызу талқыға түсіп жатыр (ФОТО)

Загрузка...

Атамбаевтың әйелінің интернетте тараған суреті желіде қызу талқыға түсті

Бұған дейін Раиса Атамбаева өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалып жатқанын, отбасының банктердегі есепшоты мен мүлкі бұғатталғанын мәлімдеген еді

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың кеңесшісі Құндыз Жолдыбаева бұрынғы басшының әйелі Раиса Атамбаеваның интернетте тараған суреттеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Әлеуметтік желі қолданушылары елдің бұрынғы бірінші ханымының суреттерін талқылап жатыр: бірінде Раиса Атамбаева аялдамада қоғамдық көлікті күтіп тұрса, екіншісінде шағын автобустың ішінде отыр.

Қырғызстандықтардың дені Атамбаеваның «маршруткамен» жүруін отбасы мүлкінің бұғатталуымен байланыстырды.

Құндыз Жолдыбаева экс-президенттің әйелі Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында әлі де сабақ беретінін атап өтті.

«Раиса Минахмедқызы әрдайым адамгершілі мол, қарапайым жан болатын. Бұл суретті экс-президенттің отбасын қаралағысы келетіндер әдейі желіге салған шығар, бірақ олардың арам пиғылынан ештеңе шықпады», – деді Жолдыбаева.

Ол Атамбаеваның қоғамдық көлікпен жүруі мүліктің бұғатталуымен байланысты емес екенін жеткізді.

Атамбаев қалай ұсталды

Осы жылдың 7 тамызында Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.

Саясаткерді ұстау операциясы екінші күні де жалғасты. Нәтижесінде Атамбаев қолға түсті. Екі күнге созылған қақтығыс салдарынан 136 адам зардап шеккен. Арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.

Алмазбек Атамбаевтың бірнеше жақтасы да қамауға алынды.

Бұған дейін Раиса Атамбаева өзіне қатысты қылмыстық істер қозғалып жатқанын, отбасының банктердегі барлық есепшоты мен мүлкі бұғатталғанын мәлімдеген еді.

Загрузка...
Загрузка...
Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: