“Журналисті жылатты”: Кішкентай қыздың тойында түсірілген видео қызу талқыда

Загрузка...

Кішкентай қыздың тойында түсірілген видео қызу талқыда. Бұл ақпаратты Sputnik жариялады.

Роликті 450 мың адам көріп, бес мыңнан астам адам бөлісті 

Ирандық журналист Масих Алинежад Твиттерде ересек адам мен кішкентай қыздың үйлену тойының видеосын жариялады.

 Роликте ересектер мен балалар жиналған отбасылық мереке көрініс тапқан. Олар қол шапалақтап, ән айтып, би билейді. Бөлменің ортасында күйеу жігіт пен қалыңдық – сақалды жігіт пен кішкентай қыз диванда отырады. Бір кезде қыз көз жасын сүртіп жатқаны көрінеді.

Журналист бұл видеоны көрген кезде жылап жібергенін жазды.

“Ислам заңы бойынша 13 жастағы қыз тұрмысқа шыға алады, алайда киімін өздігінен таңдай алмайды”, – дейді ол.

Роликті 450 мыңнан астам адам көріп, 5,3 мың адам бөлісті.

Көптеген қолданушы мұндай үйлену тойын қылмыс деп атап, Алинежадты қолдады. Бұл туралы РИА Новостихабарлады.

“Бұл балаларға зорлық-зомбылық жасау, жүрегім ауырып тұр”, – деп жазды Nicky Larkin деген қолданушы.

Осы жағдайдан кейін, баланың ата-анасы сотқа шақырылған. Қалыңдық 11 жаста, күйеу 22 жаста екені анықталды. Отбасы жастар әзірге бірге тұрмайтынын, оларға танысуға уақыт берілгенін мәлімдеді.

Судья некені заңсыз деп тауып, оны бұзды. Жастар қалыңдық 13 жасқа толғаннан кейін соттың рұқсатымен отбасын құра алады.

Загрузка...
Загрузка...
Rating
( 1 , average 5 from 5 )
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: