Гүлзира Айдарбекова: Алматыдағы үйімді балгерге оқытып, 55 мың долларға сатып жібергенмін

-

Қайрат Нұртастың анасы, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ерекше сұхбат берді. Сұхбат барысында бұрын айтылмаған дүниелерді айтты. Тіпті, бір кездері құдайға серік қосып, балгерге барған сенгенін мойындады. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айдарбекова қазір болмаса да, бұрын балгерлерге сенгенін айтты. Оған өмірінде болған бір жайтты мысалға айта кетті.

«Нұрекең елордада бизнес жасап жүргенінде біз Алматыда тұратынбыз. Бір шаңырақ астында тұрайық деп Алматыдағы үйді сатуды ойладық. Бірақ үй көп уақыт өтпей тұрды. Содан құрбымнан балгердің барын естідім. Ол үйді оқыса, тез сатылып кетеді деді. Талғар жаққа сол кісіні іздеп бардық. Балгер басқа ұлттың адамы екен. Маған қағазға орысша сөз жазып берді.  Алла, маған осы үйді өтуге көмектесші деген мағынада. Мен Алладан ғана сұраймын деді. Осыны үш күн, не үш апта, не үш ай 100 рет оқу керек деді. Түйе сұрасаң, бие береді, көп ақшаға өтуін сұра деді. Мен солай оқып жүріп шынында үй бір аптаның ішінде өтіп кетті», – деді продюсер.

Айтуынша, үйді арзанға сатқанына өкінген. Себебі 55 мың долларға сатқан үйі үш жылдан соң 550 мың долларға бағаланып, сүруге жіберіліпті.

«Ол үй сондай берекелі еді. Неге сатпай-ақ астанада пәтер жалдап тұрмадық деп  қазір өкінемін», – деді Айдарбекова.

Продюсердің айтуынша, бұл кездері жолдасы елордада бизнеспен айналысқан. Ақ орданың ағашын тасыған.

«Нұрекеңнің сол табысының көмегімен Қайрат та, мен де өнер жолында еңбек еттік», – деді продюсер.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...