5 жылға жалға берілетін пәтерді қалай алуға болады?

Загрузка...

Жастарға бес жылға жалға берілетін пәтерді алудың шарты қандай? Пәтерлер қаланың қай аймағынан беріледі? Бұл туралы Алматы тұрғын үй саясаты басқармасының орынбасары Айбек Сайдельдаев жауап берді.

1. Жалға қандай пәтерлер беріледі?

Бағдарлама бойынша 40-50 шаршы метрге дейінгі пәтерлерді беру жоспарланып отыр. Әзірше олардың қай аймақтан берілетіні белгісіз.

Уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында өтініштерді қабылдаудың басталатын және аяқталатын күнін көрсете отырып, жалға берілетін тұрғынжай беру туралы хабарландыру жариялайды.

Нұр-Сұлтан бойынша 79-34-50, 79-34-62 (63) нөміріне хабарласып, хабарландыру жөнінде білуге болады.

Алматы бойынша хабарландыруды Тұрғын үй саясаты басқармасының Uzh-almaty.kz сайтынан қадағалай аласыз.

2. Конкурсқа кімдер қатыса алады?

Ең алдымен, үміткер 29 жасқа толмаған, жұмыс істейтін ҚР азаматы болуы керек. Сонымен қатар жалпы орта білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік ұйымдардың, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген болуы тиіс.

Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте тұрғылықты жері бойынша соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты тіркеуі болуы қажет (осы қалаларда тұрғын үй алуға үміттенетін адамдар үшін).

Үміткердің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның анықтамасымен расталатын апат жағдайындағы, құлау қаупі бар тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының, балаларының өтініш берер алдында 2 жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйі, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйі болмауы керек.

3. Өтініштерді қабылдағанда кімдерге басымдық беріледі?

Әуелі жас отбасылар мен жас кәсіпкерлерге басымдық беріледі. Нарыққа аса қажет 100 мамандық тізбесіне сәйкес мамандықты меңгерген азаматтардың да мүмкіндігі бар. Одан кейінгі кезекте бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері тұр.

4. Бағдарламаның балл жүйесі қалай жұмыс істейді?

Өтініштері бойынша ең көп балл жинағандар жеңімпаз болады. Балл былай есептеледі:

  • нарыққа аса қажет 100 мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықты меңгерген өтініш берушіге – 10 балл;
  • отбасы болған жағдайда – бес балл, тіркелген некенің әр жылы үшін екі балл;
  • бір бала болған жағдайда – бір балл, әрбір келесі бала үшін – екі балл;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде бір жыл – бес балл, әрбір келесі жыл үшін – бір балл.
  • әртүрлі қызмет салаларында өтініш берушінің жеке жетістіктері болған жағдайда – екі балл;
  • бюджедтік ұйымдарда (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда) еңбек қызметі үшін – бес балл, әр жыл үшін – бір балл;
  • екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін екі балл беріледі.

5. Қандай құжаттар қажет?

  1. Үлгіге сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
  3. Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  5. Балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса);
  6. Өтініш берушіге және отбасының барлық мүшесінде жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;
  7. Жұмыс орнынан анықтама;
  8. Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
  9. Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
  10. Банк шотының болуы және нөмірі туралы анықтама, есепшоты бойынша ақшаның қалдығы, қозғалысы туралы үзінді;
  11. Өтініш берушінің түрлі қызмет саласындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).

6. Пәтерлер қай уақыттан бастап беріледі?

Нұр-Сұлтанда 1 қарашадан бастап өтініштер қабылданып, жеңімпаздар 16 желтоқсан күні анықталады.

Алматыда пәтерлердің қашан берілетіні әлі белгісіз. Өтініштерді қабылдау мерзімі бір апта бұрын хабарланады.

Қазіргі уақытта өтінішті және құжатты қабылдайтын арнайы портал әзірленіп жатыр. Конкурс сол порталда жүргізіледі.

© baribar.kz

Загрузка...
Загрузка...
Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: