«Тоқалдарын тықпалағысы келген»: Аша Матай қызметіндегі сұмдық жайтпен бөлісті

-

Отандық танымал актриса әрі тележүргізуші Аша Матай әлдекімдердің өзін эфирге шығарғысы келмей жүргенін айтты. Арман Қоңырдың жары бұл істің артында «тоқалдарын телевизияға тықпалағысы келген дөкейлер» тұрғанын топшылады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тележүргізуші қызметіндегі сұмдық жайтты өзінің Instagram парақшасы арқылы жеткізген.

Онда ол жағдайдың мән-жайын егжейлі-тегжейлі айтып берді. Ашаның сөзінше, белгісіз біреулер оған көгілдір экран алдына шықпауы үшін ақша ұсыныпты.

«Таяуда ғана, нақтыласақ бір аптадай бұрын мен «Еуразия» бірінші арнасында жаңа телевизиялық жоба жарық көреді дегенмін.

Мұндай мәлімдемеден соң, телефоным тыным таппады. Рас айтамын. Оның үстіне «Инстаграм» желісінде жарыса жазған жұртты көрсеңіз. Соңы жоқ.

Бір қызығы қоңыраулардың бірінде маған жоба жүргізушісі болмауымды өтініп, ақша ұсынғандары болды.

Түсінгенім, бұл оғаш қылықтың барлығы менің жүргізуші болмауым үшін ойластырылғандай көрінді. Тамсанып отырмын.

Бұл әлгіндегі пысықай «көкелер» мен «дөкейлердің» құйтырқы әрекеті деп топшылаймын. Тоқалдарын тықпалағысы келгені болар.

Иә, рас! «Еуразия» арнасы қашан да рейтингі жоғары жобалардың ордасы екені мәлім. Сондықтан болар, батпанқұйрыққа салыныпкей айлакерлердің эфирдің ішкі кухнясына араласқысы кеп жүргені. Ал қолынан келмейтіндер мұндайда ашық түрде аяқ шалмақ болады.

Мұндайда «дайын асқа тік қасық» деген орамды ой санаға оралады. Тіркесті әркім әртүрлі түсінетінін аңғарасың ғой осындайда!

Не десе де мен арзан ақша тауып, жеңілдің үстімен жүруден аулақпын. Мен үшін маңдай ақы термен тапқан аз-маз қаржым абыройлы. Ұятты! Сол үшін мендік жол осы. Дәлірек айтсақ, адалы осы» , – деп ағынан жарылды ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Кенеттен қызыққа тап болдық қой.. Таяуда ғана, нақтыласақ бір аптадай бұрын мен «Еуразия» бірінші арнасында жаңа телевизиялық жоба жарық көреді дегенмін?? Мұндай мәлімдемеден соң, телефоным тыным таппады. Рас айтамын?? Оның үстіне «Инстаграм» желісінде жарыса жазған жұртты көрсеңіз.. Соңы жоқ☺️ Елестетіп көріңізші… Бір қызығы қоңыраулардың бірінде маған жоба жүргізушісі болмауымды өтініп, ақша ұсынғандары болды??? Түсінгенім, бұл оғаш қылықтың барлығы менің жүргізуші болмауым үшін ойластырылғандай көрінді. Тамсанып отырмын? Бұл әлгіндегі пысықай «көкелер» мен «дөкейлердің» құйтырқы әрекеті деп топшылаймын. Тоқалдарын тықпалағысы келгені болар… ?? Ия,рас! «Еуразия» арнасы қашан да рейтингі жоғары жобалардың ордасы екені мәлім. Сондықтан болар, батпанқұйрыққа салынып, кей айлакерлердің эфирдің ішкі кухнясына араласқысы кеп жүргені. Ал қолынан келмейтіндер мұндайда ашық түрде аяқ шалмақ болады? Мұндайда «дайын асқа тік қасық» деген орамды ой санаға оралады. Тіркесті әркім әртүрлі түсінетінін аңғарасың ғой осындайда!? Не десе де мен арзан ақша тауып, жеңілдің үстімен жүруден аулақпын☝️☝️☝️ Мен үшін маңдай ақы термен тапқан аз-маз қаржым абыройлы? Ұятты! Сол үшін мендік жол осы. Дәлірек айтсақ, адалы осы!?? #АшаМатай #ЖуырдаЖаңаЖоба @1tvkz ?

Публикация от Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...