Әкім уәдесінде тұрмады: Теңіз кенішіндегі атышулы даудан соң 200-ге жуық жұмысшы жұмыссыз қалды

Загрузка...

Атыраудағы Теңіз кенішіндегі атышулы даудан соң 200-ге жуық жұмысшы аяқ-асты жұмыссыз қалып, тағы дүрлікті, деп хабарлайды  «Бірінші Еуразия» телеарнасы.

«Елді дүр сүлкіндірген Теңіз кенішіндегі даудан кейін кейбір қызметкерлерге демалыс беріліп, жұмыс уақытша тоқтатылған болатын. Сол кезде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жұртқа бәрін өз бақылауында ұстауға уәде еткен еді. Алайда, компания қызметкерлері жұмысшыларға хабарласып, келісімшарттың бұзылғанын хабарлаған. Сөйтіп 200-ге жуық адам сырттай жұмыстан қуылып, абдырап қалған», — дейді телеарна тілшісі.

— Шок болып қалдық. Кредитіміз бар, бала-шағамыз бар. Бұлай бір күнде қысқартып жіберуге олардың қақысы жоқ қой. Алдын ала ескертіп айтуы керек. Біз жұмыс іздейтін едік. Өйткен жоқ бұлар, — деді Жеткербай Күлімжайов.

Жұмыссыз қалғандар өздерін облыс әкімі «лақтырып» кетті деп есептейді. Өйткені олар осы күнге дейін сол кісінің сөзіне сеніп келген.

— Жұмыстан шығасыңдар деген әңгіме болған жоқ. Әлгі шу шыққан кезде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келген. Өзі айтты сол кісінің: «Қорықпаңдар, ешқандай жұмыстан қысқарту деген болмайды» деген. Қайда сол сөзі әкімнің, — дейді жұмыссыз қалған Жасұлан Қабдешев.

Олардың айтуынша, басқа фирмаларға осы компания кетірген жұмысшыларды «жұмысқа қабылдамаңдар» деп те бұйырып қойған көрінеді. Сондай сыбыс та бар.

Ал еңбек инспекциясы жұмыс берушілердің бұл әрекеті заңды дегенге келтіреді.

— Жұмысшылардың келісімшарттары белгілі бір жұмыстың аяқталуына дейін жасалған. Егер де ол жұмыстың аяқталатын уақыты келген жағдайда жұмыс беруші еңбек шартын бұзуға құқылы, – дейді Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы Кемел Иманғалиев.

Десе де, бір күнде нәпақасынан айрылған жұмысшылар мұның заңды екенімен еш келіспейді. Сондықтан бұл мәселеге облыс әкімдігінің араласуын сұрайды.

Еске салсақ, оның алдында WhatsАpp-та тараған қазақ қызы мен Ливия азаматының суреті үшін Атырауда мұнайшылар көтеріліске шыққан болатын.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

Админ

6
Комментарии: 12Публикации: 1208Регистрация: 06-08-2019
Загрузка...
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Комментариев: 3
  1. Qaiyrjan

    Бұл әкім сондай. Жер сатуға қарсылық митигісі кезінде Макс пен Талғат Анды да, ешқандай жаза қолдану болмайды деп артынан ұстап сотап жіберді ғой.

    0
  2. Makpal

    Дұрыс болмаған екен

    0
  3. Админ (автор)

    Құрметті, сайт оқырмандары!
    Сайтымыздың ережелері толығымен өзгергенін мәлімдейміз:
    1) Жазба қосқаныңыз үшін рейтинг жинайсыз.
    2) Жазбаларға пікір жазғаныңыз үін рейтинг жинайсыз.
    3) ads.qazbrand.info сайтында жарнама көріп, күн сайынғы бонустарды жинау арқылы ақша таба аласыз және қолма-қол ақшаңызды шешіп ала аласыз.

    Толық ақпаратты және бейне-түсіндірмені (видеонаправление) алу үшін келесі сілтемеге өтіп, электронды почтаңызды жазып кетіңіз: https://www.qazbrand.info/newsletter/

    0
Добавить комментарий
Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Пароль не введен
*
Генерация пароля