20 мың теңгедей айлық алатынын естігенде Тоқаев таң қалып, басын шайқай берген екен…

Загрузка...

Кезінде министрдің қудалауына түсіп, сотталып кете жаздаған Тұңғышбай ағаны президенттің қабылдағанына қуанып отырмын. Әркім ойына келгенін істей беретін болды ғой бізде. Әңгімелесіп отырғанда Тұңғышбай ағамыз Тоқаевқа театрдың табалдырығын енді аттаған жас қызметкерлердің айлығы қанша екенін айтыпты. Жастар жағы 20 мың теңгедей айлық алатынын естігенде Тоқаев таң қалып, басын шайқай берген екен. Осы жерде маған президентіміз аспаннан түскен адамдай болып көрініп кетті. Елбасымыз да халықтың шын жағдайын жарытып білмейтін. Айналдырған 10 министрліктің (16 министрлік бар ғой деймін) адамдары қанша айлық алатынын Тоқаев та білмейтін болып шықты. Осы арада бір нәрсе есіме түсіп отыр. Ауылда Болатжан деген кісі болды. Бертінде, осыдан 3-4 жыл бұрын қайтыс болды. 600 бас сиыры бар болатын. Сол кісі әр малын түстеп танитын. Кешке жақын біреуі келмей қалса, соны атын атап тұрып шақырады. Қорасында қанша мал бар екенін, қайсысы туып, қайсысы қысыр қалғанын жатқа айтып отыратын. Осы қабілетіне қарай малына да береке біткен адам секілді болып көрінетін еді. Президенттің қарамағындағы министрліктің адамдары қанша жалақы алып жүргенін білмейтініне таң қалдым. Біздегі былық пен берекесіздік те осыдан шығып жатқан секілді. Әйтеуір, кездесу кезінде президентіміз Тұңғышбай Әл-Таразиға бұдан былай кино, театр мен өнер саласын қолдап, көңіл бөліп отыратынын айтыпты. Соған да шүкір дедім..


>>>Қазақстанда жасалған жүйе: Күн сайын 5000 теңгеге дейін ақша табуға болады. <<<

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

Админ

6
Комментарии: 12Публикации: 1208Регистрация: 06-08-2019
Загрузка...
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Комментариев: 1
  1. Ainur1383

    Жиырма мың жалақымен еден жуғыштар да бала-шаға бағып жүр. Таңқалады ғой қарапайым жұрттың шын бейнесін олар қайдан білсін

    0
Добавить комментарий
Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Пароль не введен
*
Генерация пароля