ТОҚАЕВ ТОҚЕТЕРІН АЙТТЫ

Загрузка...

Әлеуметтік желіден түспей қойған Шымкенттің әкіміне Лондоннан қайтудың қажеті болмай қалды…

«Қазақстанда жұмыс істеп, Лондонда демалу керек»-деп, шырайлы Шымқаласын демалатын орынға айналдыруды ұмытып кеткен Ғабидолла мырзаның енді  алаңсыз ұзақ демала беруіне әбден болады…

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ғабидолла Әбдірахимов қызметінен босатылды. 

Президент әкімшілігі басшысы Қырымбек Көшербаев: «Мемлекет басшылығы Әбдірахимовқа сенім көрсетіп еді. Бірақ ол сенім кредиті бітті! Өйткені,  мемлекет Арысты қалпына келтіруге және Түркістанды түлетуге кірісіп жатқанда әлеуметтік желі мен интернеттен түспей қойған Әбдірахимовтың тәртібі мемлекет басшылығының сенімін ақтамады» – деді.

Сонымен қатар, Қырымбек Елеуұлы жиында лауазымды шенеуніктерге «Халықтың қожайыны емес, қызметшісі екендіктерін ұмытпауды» қатаң түрде ескертіп қойды.

Сонымен, Тоқаев тоқетерін айтты! Көшербаев көшелі сөзін кесіп сөйледі!

Енді  әкімдер мен министрлеріміз  жауапты орында отырса да, «зың-зың» деп, көше жүгермектерінің сөзіне жүгінуге құмарлықты, ел тайлы-таяғымен Арыста жұмыс істеп жүргенде алыста жүріп демалу туралы ақыл айту секілді арзан да, жеңіл пиарларды доғаратын болды! 

Әрине, Шымқаланың әкс әкімінің  қоғамдық көлікпен, тіпті велосипедпен жүру секілді халыққа жақындағысы келген қадамдары  аз болмағанын да айта  кетуді ұмытпаймыз. «Қазақ үні» газеті Әбдірахимовтың әкім ретіндегі әрекеттерін  негізінен қолдап келе жатқанмен, екі рет қатты сынап алған болатын. Біріншісі , «Шымкенттегі мектептерге жетіспейтін орыс тілі пәні мұғалімдерін Ресейден алдырып, пәтер береміз» дегеніне қарсы шыққан едік. Екіншісінде Лениннің ескерткішін қайта қалпына келтіруге 102 миллион теңге бөлінгенде: «Шымкентте Лениннің емес Әлихан Бөкейханның ескерткіші тұруы керек» – деп мақала жазғанбыз.

Еліміздегі үшінші мегаполис – Шымкент қаласының тізгінін қолына алғанЕрлан Айтахановқа  зор жауапкершілік жүктеліп отырғаны анық.  Іскерлігі мен білім-білігі, көсемдігі мен шешендігі аңызға айналған Қуаныш Айтахановтай айбарлы әкенің тәлім-тәрбиесін көрген Ерекеңнің енді нағыз сыналар шағы келіп тұр! Ой ордасы – Отырар ауданын дамытуға еңбегі сіңген, екі рет Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған тәжірибесі бар Ерлан Қуанышұлына енді «Ер екеніңді білейін, Шымкентті басқарып көрші» деген Бердібек Сапарбаевтан қалған сөздің салмағын көтеріп шығуға тура келеді.  Жаңа әкімге жауапкершілігі зор жұмыста сәттілік тілейміз.

Қазыбек ИСА

«Қазақ үні»

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

Админ

6
Комментарии: 12Публикации: 1208Регистрация: 06-08-2019
Загрузка...
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Добавить комментарий
Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Пароль не введен
*
Генерация пароля