Жеке адам денесіндегі қалдарына (меңіне) қарап, оның қауіпті, қауіпсізін, адамның болашағын, мінез-құлқын білуге болады. Ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» кітабында өте қатерлі, аяқ астынан болатын аурудың көбі көзінің сұғы (қалы) барлар мен тілінде қалы барлардан болатынын, ал бұл адамдардан тіл, көз ауруы адамға (әсіресе балаларға) жабысатынын айтады. «Көз сұғы бар адамның көзі ішінде не маңайында қара қал не мең болмақ. Оның көз қарашығы жалынды, қаруы сұқты, өткір. Жанары қара болмақ. Тіл сұғы барлардың ауыз айналасы, ерін-ұрт маңында мең не қал болмақ. Тілінде, өте-мөте өзектік тілінде теңбіл не қалсүрей болмақ», – дейді («Ш.Б», «Жалын». 1996 ж. 146-бет).

Қалдың не меңнің қауіпті болу себебі – ол адам денесінен “сорғыш” биоөріс шығарып, ол қараған баланың не үлкен кісінің бір жеріне еніп, одан әрі сырқаттың асқынған түрін туғызады. Балаға көз бен тіл тиюдің қауіптілігі (1 тәуліктен асса бала жоталары көгеріп, денеге қара дақ пайда болып, көзі ішіне тартып, ұйқыға кетіп, тамақ ішпей өліп кетуі де мүмкін) баланың терісінің кедергілік қарама-қарсылық күші аз, терінің кедергісі сондықтан да көз бен тілі бардың «кері қуатына» төтеп бере алмайды. Ал үлкен кісілердің көбінің көз бен тілге қайтарымдылығы басым. Үлкендердің терісінің кедергісі жоғары болады. Көз бен тілінің сұғы барлар бұл сырын өздері білетіні де, білмейтіні де болады. Білгендері сұғы не тілі балаға я басқаға тигенін білсе, өзі келіп ырым жасап, «көзім тасқа» деп жатады. Көз бен тіл тигенде білетін адамға тіл мен көздің сұғының ашын алдырып тастаған жөн, мұндай ауруға шалдыққандар созбалы тіпті тұқым қуалаушылық ауру мен қасіретті жағдайға да душар болады. Тіл мен көзден сақтанудың ұлттық қорғаныстық ырымдары да пайдалы болмақ. Таза дін жолындағылар көз бен тіл сұғын денеден тез шығарады. Аштау әдісі де пайдалы. Әр жанұяда бір адамның көз бен тіл сұғын қайыру әдіс-тәсілін білгені ұрпағын аман сақтаудың жолы. Бәріңізді де Алла көзі мен тілінің сұғы барлардан сақтасын! Енді қалдың (меңнің) басқа да ерекшеліктерін білген де артықтық етпейді. Әрі қалы (меңі) бардың бәрін көзі мен тілі бар деу қате. Меңнің де бақыт, қуаныш, парасатты, мейірманды, киелі, дарынды, батырлық, өнершілік, т.б. қасиеттер сыйлайтынын білген де пайдалы.
1. Қал (мең) тамақта болса – ашық мінезділікке және әртістік кәсіпке бейімділік, табыс белгісі.
2. Кеуденің ортасында – жалқаулық, тұрақсыздық, қыңырлық.
3. Кеуденің сол жағында – жалқаулыққа бейімділік, ұстамсыздық, тамақсаулық, ішімдікке құмарлық, махаббатқа дәрменсіздік.
4. Кеуденің оң жағында – белсенді өмірлік позиция, жігерлік.
5. Оң жақ қабырғада – қорқақтық, жаңаны қабылдауға батылсыздық.
6. Сол жақ қабырғада – өзгермелі мінезді, еркелік, жалқаулық.
7. Кіндікте – өмірде жолы болғыштық.
8. Қарынның үстінде – тамақсаулық, өзінің әлсіз тұстарына қарсы тұра алмаушылық, ұстамсыздық. Жұптың бақытты болуы үшін мұндай адамның мінезі жұмсақ, байсалды кісімен көңіл қосқаны жөн.
9. Белде – алдауға, өзін-өзі алдауға және мақтаншақтыққа бейімді.
10. Оң жақ тізеде – өзіне достық ықыласты аударуға қабілетті жұп бақытты болады.
11. Сол жақ тізеде – әдеттен тыс мәнерге ие, ағат қылыққа бейім. Сондықтан да әжептәуір іскерлік қабілеті бола тұра, мінезі нашар келеді.
12. Тобықта – адамға жылы қабақ таныту, әзіл-оспақты түсіне білу қабілеті жақсы дамыған.
13. Өкшеде – оған зор ақыл-ой және дене күші белсенділігі тән, жаулардан сақ болған жөн.
14. Оң табанда – орын алмастыруға бейімділік.
15. Сол табанда – ойлылық, сезіктілік, отырықшы өмірге бейімділік.
16. Аяқтың алқымында – спортқа бейімділік, бірақ тым агрессивті.
17. Желкеде – өмірде биіктеу де, құлдырау да бар. Бәріне өлшеммен, үнеммен қарау керек.
18. Жауырында – абайлаңыз, сізді бақытсыздық күтуі мүмкін.
19. Оң иықта – сақ, байқампаз, алайда өз сөзіне берік.
20. Сол иықта – кез келген істен қанағат табу қабілетіне ие.
21. Оң қолда – жастық шақта бақытсыздық аяқтан шалып, кәрілікте қанағаттанушылық пайда болады.
22. Сол қолда – әдептілік сезімі дамыған, қарым-қатынаста әдепті, еңбекте ынталы.
23. Шынтақта – талант пен табандылық тән, саяхатшылыққа құмарлық.
24. Оң қолда (білезіктен саусаққа дейін) – сәттілік әкелетін үнемшілік.
25. Сол қолда (білезіктен саусаққа дейін) – өте өнертапқыш, әртістік қабілеті дамыған.
26. Жауырынның ортасында – талапты ақыл, жақындарымен қарым-қатынаста ақжарқын. Достар таңдағанда сақ болған жөн.
27. Сауырда – қарым-қатынаста қарапайым, тілтапқыш.
28. Шынтақта – шындықты бағалауға кесірін тигізетін, асыра айтушылыққа бейімділік.
Мұнда пайда болған меңдерге де ерекше назар аудару керек. Олардың арасында түрлі заттың, жәндік, жануардың бейнесін беретіндері де болады. Бұнда да үлкен сыр-құпия бары әлі зерттелуде.
Үстіңіздегі қалыңызға қарап-ақ өзіңізді, өзгені, жақыныңды танып-болжай алатын қабілетке ие боласыз.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...