Аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған Түркістанның экс-прокуроры Махат Зұлпыхаровқа қатысты сот үкімі шықты деп жазады Timeskz.kz.

Басылымның мәліметінше, сотталушы кінәсін мойындаған жоқ, алайда сот ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты екенін дәлелдеді. Осы бапқа сәйкес, сотталушы 10 немесе 15 жылға сотталып, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылу керек.

Соттың үкімімен, экс-прокурор 10 жылға сотталды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Махат Зұлпыхаров 2017 жылы ұсталған болатын.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...