Сақтаныңыздар! Хакерлер жұрттың жиған қаржысын жымқыра бастады

Загрузка...

 Соңғы бір аптада «Халық банктің» мыңға жуық клиенті кибершабуылдың құрбаны болыпты. Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығының сарапшылары қазір ол сайттарды бұғаттадық дейді. Бірақ, алаяқтық әдістен зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы мүмкін дейді мамандар. Хакерлер жұрттың ақшасын қалай ұрлаған? Және мұндай алаяқтардың құрған қапанына түспеу үшін нені білу керек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Интертентті пайдалана отырып, жұрттың банктегі картасынан ақша жымқырып жүргендердің әдісі жақында ғана мәлім болыпты. Оны компьютерлік инциденттерге қарсы әрекет ету қызметінің мамандары анықтаған. Сарапшылардың сөзінше, 210 адам банктің сайты деп жалған ресурсқа өтіп кетіп, жеке мәліметтерін енгізген. Сөйтіп бар қаражатынан айрылып қалған көрінеді.

МЕДЕТ ИСКАКОВ, КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЦИДЕНТТЕРГЕ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Хакерлер homeebank.com сайтын көшіріп, өздерінің ресурсын жасап шыққан. Банк клиенттері соған өтіп, құпия сөзі мен жеке мәліметтерін енгізген. Алғашқы шабуылдың құрбаны 10 шілде күні белгілі болды. Содан бері біз жалған 6 сайттың бар екенін анықтадық».

Мамандар бұл соңғы уақытта кең жайылған, яғни ғаламтор арқылы алаяқтық жасаудың «фишинг» деп аталатын түрі дейді. Онда құпия сөз, несие карталарының нөмірлері, шоттар және басқа да ақпараттарға қол жеткізгендер бірнеше минутта бар қаржыңызды қағып алады. Одан қалды алаяқтар өз ресурстарына жұртты алып келу үшін әлеуметтік желіде түрлі бағалы сыйлықтар ұтысын ойнатады екен.

ЕВГЕНИЙ БЕЛОВ, «ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Банк клиенттерінің назарын аударып, шабуыл жасау үшін автокөлік, смартфон және басқа да бағалы сыйлықтар ұтысына қатысуды ұсынған. Хакерлер мұндай жарнамаларды Facebook желісінде таратып, банктің ресми интернет-ресурсына ұқсайтын Homeybank.com, Hometbank.com және homeebank.com сайттарына сілтеме берген».

Әзірге сарапшылар хаккерлер нақты қай елден шабуыл жасағанын жариялаған жоқ. Алдын-ала болжам бойынша, алаяқтар Түркияда осы жалған онлайн-банкингтің сайттарын жасаған. Сондай-ақ олар жалғыз Қазақстан емес, Грузияның да банктеріне қырғидай тиіп, жұртты зар илетіп отыр.

АРМАН ӘБДІРАСЫЛОВ , КИБЕР ШАБУЫЛДАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТЕРГЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Қазақстан мен Грузиялық банктерге шабуыл Түркиядан жасалған деп айтуға болады. Себебі хакерлер осы елдің ip-мекенжай мен құралдарын пайдаланған. Біз қазір алаяқтар жинаған мәліметтерді жойдық. Бірақ хакерлер әлі ғаламтор арқылы шабуылдарын жалғастырып жатыр»

Клиент бірінші кезекте картаның ПИН-кодын, нөмірін, құпия сөзді, CVV-нөмір мен  өзге де жеке ақпараттарды банк ешқашан сұрамайтынын ескергені абзал. Ол тек алаяқтарға ғана қажет. Сондықтан сарапшылар күдікті сайттарда логин мен құпия сөзді енгізуге, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі жарнамалық жарияланымдардағы сілтеме бойынша өтуге болмайтынын ескертеді.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

Админ

6
Комментарии: 12Публикации: 1208Регистрация: 06-08-2019
Загрузка...
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Добавить комментарий
Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Пароль не введен
*
Генерация пароля