Алматы облысының тұрғындары нәжіске тұншығуда

Загрузка...

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қаланың ығы-жығы тіршілігінен қашып мұндағы жұрт тыныш жерді іздеген. Сөйтіп, 2007 жылдан бері бірінен соң бірі таудың етегі, таза ауа деп Жауғашты ауылынан жер сатып ала бастапты. Үй тұрғызған. Жарық, су, газ бәрін өз күштерімен тартқан. Оның бәріне көніп отыр. Тек, іргедегі көпқабатты тұрғын үйлерден шығатын нәжіс шаршатыпты. Септик жоқтықтың кесірінен бүкіл сасыған ағынды су арыққа кеп төгеледі екен.

 ЖАНАТ КӨКЕБАЕВ, ЖАУҒАШТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: » Иісі ауа демала алмайсың күн ыстықта. Қазір күн ыстық қой. Балалар келіп арыққа шомылғысы келеді. Ойнайды олар. Запрет қоя алмайсың. Содан үстілеріне жара шығып, инфекционка кожанныйға түсіп жатыр».

Нәжіс аздай, көршілері жер үйдегі кейбір пысықайлар бизнесін дөңгелетіп отыр деп ашулы. Отызға жуық доңыз ұстайтындар тазалықты мүлдем сақтамайды екен. Айыппұл салып, тоқтар айтар тірі жан жоқ дейді.

 СӘКЕН МҰХАМЕДИЕВ, ЖАУҒАШТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Кешкі тоғыздан өте басталады. Сасық, демалуға невозможно. Балалар. Семья. Екі немерем есік тереземізді жабамыз. Сыртта өзінің соятын несін жасаған. Сойып соны, ішек- қарынын арыққа тастап. Боқ, сідік!».

Жиналғандардың  «назы» мұнымен бітпеді. Әр отбасы кезінде құбыр орнатып, калониядан тартқан суларының сапасы сын көтермейді. Іші толы құрт-құмырсқа, тамшылап ағады. Кешке тіпті өшіріп тынады дейді.

 ИНДИРА ЕРМАҒАМБЕТОВА, ЖАУҒАШТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  «Суды біз өзіміз жүргізіп алдық. Өз күшімізбен. Он семья ақша жинадық. Ер азаматтарымыз қазып, зонадан тартып алдық.  Бірақ сегізден кейін суды өшіріп тастайды. Күндіз өшірмесе, ертеңіне су болмай қалады».

Ал, жарық бағаналарын әр отбасы 70 мыңнан қаражат жинап тұрғызған. Үйлеріне сым тарту үшін де тағы ақша құртқан. Сонда да, екі күннің бірінде сөніп күйдіреді екен. Техникалары жарамсыз күйде. Өтейтін кісі жоқ. Әкімдікте істейтін электр мамандарының өзі қомақты ақша бермесең қайта жалғамайды.

 ТҰРЫСБЕК ҮМІТБАЕВ, ЖАУҒАШТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Қазір Құдайдан күнде тілейміз: дауыл болмасын, жел болмасын деп. Жалғыз линия. Жаздың күні, не қысты күні свет жоқ, отырамыз. Жаңбыр келе жатса ұйықтамаймыз. Өйткені, продукты холодильник құриды. Барлығы құриды».

Халық жиналады дегенді естіген шенділер де осында келді. Тап-таза су қараша айында болады деп сендіруде. Қазір құдық қазып, 275 млн теңгенің жобасы іске асып жатқанға ұқсайды. Сонда ғана нәжістің иісінен де арылады екен. Өйткені, бес жыл бұрын 87 млн теңге бөлінген жаңа кәріз жүйесі судың қысымы төмендігінен іске аспай тұр. Сонда, су құбыры жүрмей әуелі неге кәріз жүйесі тартылғаны белгісіз. Ал, ауылдағы жалғыз трансформатор әкімдіктің балансында. Тек құрылғы бар, маман жоқ.

 СЕРІК ӘБДІБЕКОВ, МЕЖДУРЕЧЕНСК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Акиматта бізде штат жоқ, электрик штаты жоқ. Трансформатордың жағдайын біле алмаймыз. Халықпен бірлесіп істейміз. Неге онда алғансыздар? Трансформаторды берген жоқпыз әлі. Отдел АЖК ақшасын алады. Бірақ, обслугасын өзіміз жасап жатырмыз».

Жолдары да ойдым-ойдым. Айта айта шаршаған соң, тұрғындар оған да өз қалталарынан қаржы жинап, ай сайын тас төсейді. Бірақ, шенділер бәріне бірдей ақша бөлетін әкімдіктің бюджеті созылатын резеңке емес дейді.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

Админ

6
Комментарии: 12Публикации: 1208Регистрация: 06-08-2019
Загрузка...
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Добавить комментарий
Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Пароль не введен
*
Генерация пароля