Интернет шектеледі: Министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады

Загрузка...

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары кейбір интернет ресурстарға кіре алмауы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құзырлы мемлекеттік органдар елорданың байланыс операторларымен бірлесіп, техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Министрліктің ақпаратынша, бұл қала тұрғындарын, мемлекеттік органдар мен жекеменшік компанияларды хакерлік шабуылдан, интернет-алаяқтар мен түрлі киберқауіптен қорғау үшін қажет. Осыған байланысты елордалықтар кейбір интернет ресурстарға кіре алмауы мүмкін.

«Жекелеген интернет-ресурстарға кіру мүмкін болмаған жағдайда, мобильді құрылғының (ұялы телефон, планшет) тіркеліп-тіркелмегенін тексеруді және қауіпсіздік сертификатын (байланыс операторларының сайтында орналастырылған) орнатуды ұсынамыз. Сондай-ақ, өз байланыс операторыңыздың call-орталығына хабарласуыңызға болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.

Айта кетсек, қазақстандықтар әлеуметтік желілердің бұғатталуы мен ұялы байланыстың сапасына жиі шағымданады.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

Админ

6
Комментарии: 12Публикации: 1208Регистрация: 06-08-2019
Загрузка...
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Добавить комментарий
Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Пароль не введен
*
Генерация пароля