Жүрегіне пышақ сұғып алған: Алматыда төбелестен көз жұмған ер адамның досы не болғанын айтып берді

Загрузка...

15 жастағы бозбала өзінен 9 жас үлкен жігітті пышақтап өлтірді. Алматыда болған жаппай төбелестің нәтижесі осы. Пышақ жарақатын алған тағы екі адам қазір ауруханада жатыр.  Ал күдіктінің анасы ұлына жала жабылғанын айтып әлек.

Тұла бойы тұңғышын жоқтаған Нәсипа Шәмшібаеваның көзі жаста құрғамауда. Екі бірдей отбасының асыраушысы болған ұлы 21 қыркүйекте достары және бауырларымен компьютер клубына кетіпті. Алайда пышақ жарақатын алған 24 жастағы Жалғас Сейілхановты дәрігерлер өлімнан арашалап қала алмаған. Енді туыстары күдіктілердің жауапқа тартылғанын қалайды «Еуразия бірінші арнасы» .

«Барлық баланы жазалау керек. Ол жердегі балалардың бәрін де. Сол жерде болған балаларым бар, достары бар, бәрі көріп отыр. Қолдарында пышақ болыпты. 8 баланың қолында пышақ бар дейді. Маған әділ жаза керек. Мен қарғамаймын да, өзім де пенде асырап отырмын. Ұрыспаймын да. Тек әділ жазаны қолданам», – дейді марқұмның анасы Нәсипа Шәмшібаева.

Досы Аятолланың айтуынша, 21 қыркүйекте Алатау ауданындағы компьютер клубына барыпты. Сол жерде өзге жігіттермен қақтығысып қалған. Бейнебақылау камерасына түскен видеодан пышақ сұққаны көрінеді. Жалғасқа суық қару кездейсоқ ұрылғандықтан, қорғанып та үлгермепті. Жүрек түсынан тиген пышақ күре тамырын кесіп кеткендіктен, аурухаған жеткенше көп қан жоғалтқан. «Өзім де жараландым» деген досы, іш-құрылысын пышақтан қабырғасы қорғап қалғанын айтады.

«Сол жерде төбелес басталды. Ана бала арт жақтан айналып келіп, дос баламды пышақпен ұрды. Асүй пышағымен. Бар күшімен ұрды. Оның арғы жағында отырған дос баласы жүгіріп келіп, 4-5 адамның арасынан мені ұрды», – дейді марқұмның досы  Аятолла Ақылбек.

Қанды оқиға Ақбұлақ шағын ауданындағы көңіл көтеру орындарының бірінде болған. Марқұмның достары күдіктілер сол күні тиісерге қара таппай жүргенін айтады. Ал жергілікті тұрғындар бұл жер нағыз бұзақы жастардың ордасына айналған дейді.

Оқиға сауда ойын-сауық кешенінің ауласында болған. Екі топтың арасындағы жалжалдың соңы пышақтасуға ұласқан. Ең сорақысы, сол пышақпен қаруланып, түнгі сағат үшке дейін компьютер клубын жағалап жүргендердің дені кәмелет жасына толмаған оқушылар екен.

Төбелеске он шақты адам қатысқанымен, тек біреуі ғана қамауға алыныпты. Оның өзі кәмелет жасына толмаған жасөспірім екенін полицейлер де растады.

«Бұл істі ашуға бағытталған арнайы тергеу тобы құрылып, 4 сағаттан кейін сезікті қолға түсті. Ол 2004 жылы туылған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс әлі де тергелу үстінде», – дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал марқұм Жалғас Сейілханның артында ботадай боздап жесірі мен екі баласы қалды. Кенжесі қырқынан енді ғана шығыпты. Марқұм жігіт өз отбасымен бірге анасы, бауырларын да асырап келген екен. Жалғыз асыраушысынан айырған күдікті мен оның жанында болғандарды анасы заң бойынша жауапқа тартылғанан қалайды.

Загрузка...
Загрузка...
Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: