Саяжайдағы өрттен үш адам қаза тапты

Загрузка...

Оралда саяжайдағы өрттен үш адам қаза тапты

Орал қаласында сайжай аумағындағы өртенген үйдің орнынан ер адамның, әйел адамның және бір баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«27 қыркүйек күні сағат 02:46-да өртке қарсы қызмет диспетчеріне Орал қаласының «Толқын» бау-бақша серіктестігінің аумағынан өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте саяжай үйі өртеніп жатқан», делінген хабарламада.

35 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 06:15-де сөндірілді.

Сол жерден үш адамның денесі табылды. Олардың бірі 1961 жылғы ер адам бар, ал әйел адам мен баланың кім екені анықталып жатыр.

Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам және Батыс Қазақстан облысы ТЖД 4 техникасы жұмылдырылды.

Загрузка...
Загрузка...
Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: