Дабылды ескерту: ертең жабысқақ қар жауып, үсік жүреді

Загрузка...

Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын айтады. Елорда мен алты өңірде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде түнде жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар) түседі, күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қатты жел соғады.

Дабылды ескертулер

Нұр-Сұлтан: 25-26 қыркүйекке қараған түні топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді деп болжануда.

Сейсенбіде Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. 25-26 қыркүйекке қараған түні кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15 метрге жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

25-26 қыркүйекке қараған түні Қарағанды ​​облысында кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді деп болжануда.

Сейсенбі, 24 қыркүйекте Қостанай облысында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталып қалады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан және шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

24 қыркүйекке қараған түні Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейеді – 15-20, кей жерлерде –23-28, екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді немесе одан жоғары болады, кей жерлерде бұршақ жауады.

Павлодар облысында да жел күшейеді – 15-20, кей жерлерде –23-28, екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді немесе одан жоғары болады.

Қостанай облысында кей жерлерде желдің күші –15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метр болады деп болжануда.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысында найзағай кезінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді деп болжануда.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының жекелеген аймағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады. Тәулік ішінде температура 8-13 градус шегінде ауытқиды.

Алматыда синоптиктер көшпелі бұлт шығады деп болжайды, күн жауын-шашынсыз. Күндіз ауа 22 градусқа дейін жылынады, түнде сынап бағанасы 14-17 градус жылыны көрсетеді.

Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз 22-24 градус, түнде 14-17 градус жылы болады.

Загрузка...
Загрузка...
Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: