Сот үкімі: Ресейде Telegram бұғатталады

Мәскеуде Таганск соты  Роскомнадзордың Telegram желісін бұғаттау туралы шағымын қанағаттандырды.

Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Роскомнадзор және ФҚҚ өкілдерінің пікірінше, Telegram желісінің арнайы қызметке шифрлау кілтін беруден бас тартуы мемлекет пен қоғам қызығушылықтарына және мемлекетке лаңкестік қауіп төндіреді.

Роскомнадзор аталған қызметке шектеу қою туралы шаралар қолданылуы тиіс екенін көрсетілген сот шешімін байланыс операторларына жібереді. Бұғатталған парақшалар тізіміне telegram.org, web.telegram.org, t.me және  Telegram серверлерінің IP мекен жайларының домендік атаулары енгізілуі мүмкін.

Өз кезегінде Telegram адвокаттары техникалық себептерге байланысты ФҚҚ талаптарын орындау мүмкін емес екенін мәлімдеді. Сонымен қатар заңгерлер Роскомнадзордың қуынымымен танысуға және оған қатысты өздерінің қарсы уәждері мен айғақтарын көрсетуге мүмкіндік берілмегенін айтты.

Алайда сот компанияның өтінішхатын қабылдамады.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...