Бұл сұрақ мамандарды ондаған жыл бойы дауластырып келеді. Біреуінің айтуынша, тәрбие мақсатында анда-санда ұрып тұрған дұрыс деседі. Ал екіншісі баланы ұру — баланың психикасын бұзады дейді. Ал енді мұғалім баланы ұрса ше?

Қытайдың Цяньань қаласындағы тәжірибелік мектептердің бірінде мұғалім оқуышыдан: «Сен бәрін түсіндің бе?» деп сұрап тұрып бетінен ұрған. Бұл көріністі бір оқушы жасырын түсіріп алған екен. Мұғалім 15 секунд ішінде оқушыны 8 рет соққан. Ал оқушы онымен келісіп, шыдап тұра берген.  Оқушыны неліктен бұлай ұрғаны түсініксіз. Бүкіл оқушылардың алдында мұндай ұратындай оқушы не жазды деген ой мазалайды.  Бұл бейнежазбаны миллионнан астам адам қарап, аталмыш провинцияның тұрғындары мұғалімге жаза қолдануды сұрауда. Соған қарамастан, әзірге мұғалімге қатысты ешбір шара қолданылмады.

ktk.kz

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...