Әлемде өмір сүру өте сирек құбылыс болып шықты

Ұлыбританиядағы Кардиффск университетінің астрономдары Әлемде өмір пайда болу үшін қажетті фосфордың азайып бара жатқанын анықтады. Бұл туралы Science Alert сайты жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

Ғалымдар Канар аралдарындағы Роке-де-лос-Мучачос обсерваториясында Гершель телескобынан алынған деректерді саралады. Олар фосфор атомы шығарған инфрақызыл түстің және Крабавид тұманындағы темірдің мөлшерін есептеді. Кейін қорытындыны Кассиопея ғаламжұлдызының қалдықтарын зерттеу барысында алынған деректермен салыстырды. Сонда Кассиопеяға қарағанда тұманды жерде фосфор өте аз болып шықты.

Мамандардың ойынша, Cas A ғаламжұлдыздардың сирек кездесетін түрі болғандықтан сондай айырмашылық байқалады. Бұл жағдайда шоғырланған жұлдыздар жарылған кезде пайда болатын фосфордың мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін.

«Солайша, ол бұл элементтің жер планетасына түсу ықтималдығын төмендетеді. Сонымен қатар, фосфор биополимерлердің (ДНҚ және РНҚ) компоненті болғандықтан, Әлемде тірі ағзалардың пайда болуы – өте сирек кездесетін құбылыс», — дейді ғалымдар.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...