Қанттан бас тартқан жағдайда ағзаңызда болатын өзгерістер

Осыдан бірнеше жыл бұрын барлық дерттің де, артық салмақтың да басты себебі май болып есептеліп келді. Қазір ол пікір сәл өзгерген. Қазір көп жағдайда көмірсуларға, ал нақтырақ айтсақ кәдімгі қантқа көңіл бөледі. Бұл да тегіннен тегін емес. Неге қанттан біржола бастарту керек?

Біздің геніміз табиғи өнімдерден алынатын қантты қорытуға бейім, ал рафинад қантты қабылдай қоймайды. Ақ түсті қант – жаңадан пайда болғанымен, біздің ағзамызға қажеті жоқ өнім. Соған қарамастан жағымды энергия сыйлайды деп тәттіге құмармыз. Бұрындары тәтті өнім деп жеміс жидек, көкеністерді айтсақ, осы күні кондитерлік өнімдер мен фаст-фудты айтамыз…

Рафинад қантынан бастарту арқылы сіз тек артық салмақтан арылып қана қоймай, денсаулығыңызды арттыра түспексіз. Қанттан бастартқан бір айдан соң бойыңызда қандай өзгерістер болмақ:

Артық салмақтан арыла бастайсыз. Күнделікті тағамның құрамындағы майға қарағанда қарапайым қантты жиі қолдану салмақ қосуға әсер ететіні бәрімізге белгілі жайт. Май күрделі молекула, оны организм толықтай қорытуы үшін біраз уақыт керек. Ал глюкоза дайын өнім, ол одан әрі бөлінбейді. Сондықтан оны тек қоспа ретінде қолданған жөн. Дәл осы себепті майға қарағанда қант ағзамызда қалып қойып, кері әсерін тигіхіп жатады.

Тамаққа деген шектен тыс құмарлығыңыз азая бастайды. Тәтті тағамдар адамның тамаққа деген тәбеті мен құмарлығын арттыра түсетін өнімдер қатарына жатады. Тіпті кокаинға деген бағыныштылықтан да 8 есе жылдам. Мұндай тағамдарды қолданғанда ағзамызда қандай жағдай орын алмақ? Тәтті тағамдарды қолдану барысында қабылданған тәтті жүйке жасушаларына химиялық қосындылардың енгенінен хабар беріп, ол адамға жайлылық сыйлайды. Бұдан бөлек күйзеліс пен ауырсынуды азайта бастайды. Мұндай күйдің жайлылығы сонша, адамда тәттіге деген бағыныштылық басталады. Тамақтануға деген тәбетіңіздің артатыны да содан.

Қант диабетіне душар болудың қаупі сейіледі

Қантты қолдану қанның құрамындағы глюкоза көлемін арттырып, инсулин кеми түседі. Ал мұндай жағдай жиі орын алатын болса, инсулинге төзімділік күшін жоя бастайды. Нәтижесінде қанның құрамындағы глюкоза еселене түсіп, қант диабетіне әкеліп соғу мүмкін.

Атеросклероздың алдын аласыз. Заманауи зерттеулерге сәйкес, тәттіге деген құмарлық көптеген ауруларға әкеліп соғады. Глюкозаның әсерінен тамырлы қабырғалар қызметін бұзып, төменгі тығыздықтағы липопротеин молекулаларының қабыну аймақтары артады. Алдымен қабырғалар құрғап бастағанымен, кейін ол толықтай дертке ұласуы мүмкін.

Сіз сұлулана түсесіз. Қанның құрамындағы глюкозаның үнемі артуы оның ағзадағы жасушалармен тығыз байланысына жағдай жасайды. Нәтижесінде ақуыз «қантшыл» болып, глицацияның пайда болуына әкеліп соғады. Ақуыздардың глицациясы тез қартаюға әсер ететіндіктен, қантты үнемі қолдану сіздің сырт келбетіңізге айтарлықтай әсер ететінін есіңізде сақтаңыз.

Суық тию айтарлықтай азаяды. Қант иммундық жүйенің теңгерімсізденуіне әкеліп соғады. Яғни қорғаныс күшін жойып, көптеген вирустар мен бактериялар ағзамызды еркін жайлай бастайды. Онысымен қоймай, қант липидтердің қышқылдануын қамтамасыз етіп, еркін радикалдардың артуына әкеліп соғады. Бір сөзбен айтқанда қантты қолданыстан шығару арқылы сіз денсаулығыңызды арттырып қана қоймай, сұлулығыңыз бен жастығыңызды ұзарта аласыз!

reactor

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...