Америкалық әйел бір кездері балалы бола алмаған анасының акушер-гинекологын сотқа берді. Дәрігер анасына жасанды ұрықтандырамын деп өзі донор болған.

Бұл туралы Washington Post жазды.

2017 жылы 36 жастағы Келли Раулетт  ДНҚ тесті арқылы туыстарын іздеуге болатын сайттың қызметін пайдаланды. Тест әйелдің әкесін Джеральд Мортимер есімді адам екенін анықтайды. Джеральд Мортимер – бұрынғы дәрігер. Ол Келлиден 800 шақырым қашықтықта тұрады.

Ол бұл есімді ещқашан естіп көрмеген. Бірақ оның ата-анасы таныған. 1980 жылдары Мортимер оның ата-анасын белсіздіктен емдеген. Ол Келли Раулеттің анасына жатыр қыртысы диагнозын қойған. Ал, оның күйеуінің ұрығы төмен канцентратты болған. Дәрігер оларға жасанды ұрықтандыруға кеңес берген.

Ерлі-зайыптылар жоғары білімді, қоңыр шашты, көгілдір көзді және бойы 180 сантиметрден асатын донор іздейді. Мортимер оларға сәйкес келетін донорды тапқанын айтады. Сөйтіп, ол талаптарға сәйкес келмесе де өзі донор болуды шешкен. 

Жасанды ұрықтандыру сәтті өтіп, дүниеге Келли Раулетт есімді қыз келді. Дәрігер оның өз қызы екенін біліп тұрады.  Қыздың анасы сол дәрігерде емделуді жалғасыратынын айтады, сөйтіп ол қызымен байланысып тұрған.

Олардың отбасы басқа қалаға көшкенде Мортимер қатты жылап қалған.

Мортимерге алаяқтық, келісімшартты бұзу, қызметіне немқұрайлылық таныту бойынша айып тағылды.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...