«Ұлт тағдыры» қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов дауыс берді

Загрузка...

9 маусым түскі 12-лер шамасында Нұр-Сұлтандағы №56 сайлау учаскесінде «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан сайлауға түсіп жатқан Әміржан Қосанов дауыс берді.

Бұған дейін кандидаттар Амангелді Таспихов, Қасым-Жомарт Тоқаев, Жамбыл Ахметбеков, Төлеутай Рахымбеков және Дания Еспаева дауыс берген.

Азаттық сайлау учаскелерінен тікелей эфирде хабар таратып жатыр:


Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл жолғы сайлау елді отыз жылға жуық басқарып, биыл наурызда Қазақстан президенті қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтеді. Орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген:

Жамбыл Ахметбеков — «Қазақстан коммунистік халық партиясы»;

Дания Еспаева — «Ақ жол» партиясы,

Әміржан Қосанов — «Ұлт тағдыры» қозғалысы.

Төлеутай Рахымбеков — «Ауыл» партиясы;

Амангелді Таспихов — Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Қасым-Жомарт Тоқаев — «Нұр Отан» партиясы;

Сәді-Бек Түгел — «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы.

Сайлауға 1000-нан астам бақылаушы тіркелген.

© azattyq.org

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

Админ

6
Комментарии: 12Публикации: 1208Регистрация: 06-08-2019
Загрузка...
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Добавить комментарий
Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Пароль не введен
*
Генерация пароля