Қыз зорлады деп айыпталған 26 жастағы жігіт 11 жылға сотталды

-

Қыз зорлады деп айыпталған 26 жастағы жігіт 11 жылға сотталды
Сот үкімін оқып біткен соң айыпталушы Әбілқасымов жылап, өзінің ешкімді зорламағанын айтты.

Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты «өзінің бірге тұрған қызын зорлады» деп айыпталған азаматты 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп жазады Азаттық.

Сот Екібастұз қаласының 26 жастағы тұрғыны Шоқан Әбілқасымовтың Саина Раисованы «күшпен зорлағаны толық дәлелденгенін» айтты. Сот Әбілқасымовты 11 жыл 3 ай түрмеге кесіп, оны зардап шегушіге 1,5 миллион теңге моральдық өтемақы және сот шығындарын төлеуге міндеттеді.

Бұған дейін сот Әбілқасымовпен бірге қыз зорлауға қатысты деп айыпталған Мұрат Ыдырсовты 10 жылға бас бостандығынан айырған.

Сотқа дейін журналистерге сұхбат берген 28 жастағы Саина Раисова сотталушылардың өзін бопсалап, арызын өзгертуді талап еткенін айтты. Раисованы сот процесінде қарулы күштер, құқық қорғау мен арнайы органдардың бұрынғы қызметкерлерінен құрылған URAN қозғалысының бір топ мүшесі қоршап отырды.

Сот үкімін оқып біткен соң айыпталушы Әбілқасымов жылап, өзінің ешкімді зорламағанын айтты.

– Мен оны зорлаған жоқпын. Мен онымен бір жарым жыл бірге тұрдым. Ол зорланғаны туралы мәлімдегенге дейін де онан кейін де біз көңіл қосып жүрдік. Балаларымның мені зорлықшы ретінде білгенін қаламаймын. Ол менен пәтер, ақша талап етті. Басқа айтарым жоқ, – деді ол.

8 жасар қызы бар жәбірленуші Раисова Әбілқасымовпен бірге тұрғанын жоққа шығармады. Сотталған азаматтың бұрынғы әйелінен кәмелетке толмаған екі баласы бар.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті: оқиғаның мән-жайы

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды Павлодардағы аулалардың бірінде адам өлтірді. Бұл ақпаратты Sputnik...

Скотч жапсырылған банан 120 мың долларға сатылды

Флоридада өткен «Арт-базель» көркем өнер жәрмеңкесінде қабырғаға скотчпен жабыстырылған бананның суреті 120 мың долларға сатылды. Картина авторы Маурицио Каттеллан. Ол...

Желіде Тоқаевтың көмекшісі түсірген видео жарияланды

Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған болатын НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Германияға екі күндік ресми...

Жылқының еті 17 ауруға ем

Қазақ халқы төрт түліктің төресі деп төбесіне көтеретін жылқының қасиетін тауысып айту мүмкін емес. Ата-бабамыз еті мен сүті шипа...

Көп оқылды

Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті: оқиғаның мән-жайы

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды. Оқиғаға қатысты...

Скотч жапсырылған банан 120 мың долларға сатылды

Флоридада өткен «Арт-базель» көркем өнер жәрмеңкесінде қабырғаға скотчпен жабыстырылған...