Өзін өлімге қиған Жанар Хамитова туралы видео жұртты жылатты

Загрузка...

1989 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген Жанар Хамитова кішкентай кезіннен спортпен шұғылданып, бес жыл домбыра үйірмесіне қатысқан. Үлкен сахнаға 8-сыныптан бастап шыға бастаған ол 2006 жылы «Super Star» жобасына қатысып таныла бастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Хамитова бұған дейін де «Жас сұңқар», «Замана бұлбұлдары» сияқты көптеген байқауларда бақ сынаған. Ол «Super Star» жобасынан кейін 8 адамнан құралған «Superstar shou» деген топта аз уақыт болып, одан кейін тек қыздардан тұратын «China Town» құрамында болды.

Оның атын халыққа кең таныстырған Нұржан Керменбаевпен бірге «Арнау» дуэті болды. Дуэтте ән айтып жүріп екеуі жарасымды жұп ретінде де ел арасында әңгіме болды. Бірақ 2009 жылы дуэт құрамындағы әншілер ары қарай бірге ән айтуды тоқтатқан. Бұл оқиғаны Хамитованың тұрмысқа шығуымен байланыстырған.

Араға 11 жыл салып, 2018 жылы сахнаға қайта оралған Хамитова әріптестері үшін үлкен жаңалық болды. Осынша жыл көрінбей кеткен Жанардың басынан өткерген ауыр тағдыры естігенде қайран қалмаған адам болмады.

Тұрмысқа шыққан соң күйеуімен Түркияға кеткен ол сонда біраз жыл тұрады. Дани және Джамал есімді екі баланы дүниеге әкеледі. Бірақ уақыт өте келе күйеуі оны үйінен қуып жіберген.

Барар жер, басар тауы қалмаған Жанар сонда күн көріс үшін қара жұмыс істеп, жиналған ақшаға елге билет алып қайтқан. Елге келген соң да кафе ресторандарада ән айтып жүріп, Әбубәкір деген әншімен дуэт болып күнін көріп жүреді. Бұл туралы ол «Астарлы ақиқат» бағдарламасында алғаш рет айтып, басынан өткен жағдайлармен бөліседі.

Дәл осы жобадан соң, Жанарға продюсерлік ету үшін Сиви Махмуди оны өз қоластына алады. Эстрадаға қайта оралған Жанар дуэт айтып, клип түсіріп, шығармашыпен мықтап айналыса бастаған еді. Бірақ бұрынғы өткені оны тыныш қоймады.

Нұржан Керменбаев пен арасындағы қарым-қатынас не үшін тоқтағаны, Әбубәкірмен арадағы дау-жанжал барлығы әншінің жүйкесіне тиген. Оның үстіне халықтың ащы сынын көтере алмаған әнші Сивимен күзге дейін жасалған келісім біткенін айтып, енді өнерден кететінін, біраз үзіліс керек екенін, денсаулығын күтетін мәлімдеген еді.

Сол сұхбатында енді сахнаға қайтып келу, келмеуі құпия болып қалсын деген ол сахнаға қайта оралмады. Соңғы берген сұхбаттарында қатты шаршап жүргенін, жүйкесі сыр беріп, психологтың көмегі керек екенін айтқан ол өнер жолы мен үшін қиын деп айтқаны бар.

«30 жасыма дейін өзіме 20 рет қол жұмсамақшы болдым» деп жансырын бөліскен Жанар Хамитова  16 қыркүйек күні таңда өзіне қол жұмсап көз жұмды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

@abu.kai @zhanara_xamitova_official #жанараxамитова

Публикация от Жанар Хамитова Singer-SAHARA (@zhanar_khamitovaa_official)

Загрузка...
Загрузка...
Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: