Жаңаөзендегі оқиға: жасөспірім даяшылардың өліміне қатысты тың дерек шықты

-

Жаңаөзен мейрамханасында үш жігіт зардап шегіп, екеуі қаза тапты. Біреуі қазір ауруханада жатыр

Таныстардың айтуынша, көз жұмған жасөспірімдер мейрамханада түнеуге қалған. Себебі ертеңінде олар банкетте жұмыс істеуі тиіс болатын, деп хабарлайды жергілікті инАктау басылымы.

«Жігіттер уақытты әрі күшін үнемдеу үшін үйге бармай, мейрамханада түнеуді жөн көріпті. Ал мекемедегі ең жылы жер пеш жағатын бөлме болғандықтан олар сонда ұйықтапты», – дейді тұрғындар.

Таңертең пеш жағатын бөлменің еденінде жатқан кәмелетке толмаған балаларды достары тауып алған екен.

Жаңаөзеннің тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметінше, тірі қалған бір даяшы қалалық аурухана бөлімшесіне ауыстырылды. Оның халі тұрақты.

«Жасөспірім есін жиды, тамақтана алады, дәрігерлердің сұрақтарына да жауап бере алады. Аурухана мамандары оған «Ауыр деңгейдегі иісті газдың улы әсері. Улы энцефалопатия» диагнозын қойды. Зардап шеккен жігіттің анасы жедел жәрдем ұлын ауруханаға ес-түссіз, аса ауыр халде әкелді дейді», – деп хабарлады басқарма.

Еске салсақ, алдын ала мәлімет бойынша мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген кәмелетке толмаған үш бала 24 қараша күні иіс тиіп, уланып қалды. Екі зардап шеккен даяшы қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді. Полиция «Еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Загрузка...
Загрузка...
Дереккөзіsputniknews.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті: оқиғаның мән-жайы

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды Павлодардағы аулалардың бірінде адам өлтірді. Бұл ақпаратты Sputnik...

Скотч жапсырылған банан 120 мың долларға сатылды

Флоридада өткен «Арт-базель» көркем өнер жәрмеңкесінде қабырғаға скотчпен жабыстырылған бананның суреті 120 мың долларға сатылды. Картина авторы Маурицио Каттеллан. Ол...

Желіде Тоқаевтың көмекшісі түсірген видео жарияланды

Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған болатын НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Германияға екі күндік ресми...

Жылқының еті 17 ауруға ем

Қазақ халқы төрт түліктің төресі деп төбесіне көтеретін жылқының қасиетін тауысып айту мүмкін емес. Ата-бабамыз еті мен сүті шипа...

Көп оқылды

Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті: оқиғаның мән-жайы

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды. Оқиғаға қатысты...

Скотч жапсырылған банан 120 мың долларға сатылды

Флоридада өткен «Арт-базель» көркем өнер жәрмеңкесінде қабырғаға скотчпен жабыстырылған...