Атырауда Қытайдың 2 азаматы қамауға алынды

-

Пара Атырау қаласында заңсыз жұмыс істеген шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң шешу үшін берілген.

Лауазымды тұлғаға пара бермек болған Қытай Халық Республикасының азаматтары ұсталып, тергеу абақтысына қамалды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысындағы департаментінің қызметкерлері Қытайдың екі азаматын осы ведомствоның уәкілетті қызметкеріне қамқорлық жасау үшін пара беріп жатқан жерінен ұстады.

«Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысындағы департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Қытай Халық Республикасының екі азаматын департаменттің уәкілетті қызметкеріне 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде ұстап, тергеу изоляторына қамады», – деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Пара Атырау қаласында заңсыз жұмыс істеген шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң шешу үшін берілген.

Сонымен қатар, пара беруші ҚХР азаматтарына одан әрі қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы ақшалай сыйақы ұсынған.

Ұсталғандар кінәсін мойындады. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті: оқиғаның мән-жайы

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды Павлодардағы аулалардың бірінде адам өлтірді. Бұл ақпаратты Sputnik...

Скотч жапсырылған банан 120 мың долларға сатылды

Флоридада өткен «Арт-базель» көркем өнер жәрмеңкесінде қабырғаға скотчпен жабыстырылған бананның суреті 120 мың долларға сатылды. Картина авторы Маурицио Каттеллан. Ол...

Желіде Тоқаевтың көмекшісі түсірген видео жарияланды

Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған болатын НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Германияға екі күндік ресми...

Жылқының еті 17 ауруға ем

Қазақ халқы төрт түліктің төресі деп төбесіне көтеретін жылқының қасиетін тауысып айту мүмкін емес. Ата-бабамыз еті мен сүті шипа...

Көп оқылды

Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті: оқиғаның мән-жайы

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды. Оқиғаға қатысты...

Скотч жапсырылған банан 120 мың долларға сатылды

Флоридада өткен «Арт-базель» көркем өнер жәрмеңкесінде қабырғаға скотчпен жабыстырылған...