«Қалаулым» бағдарламасының жабылуын сұраймын» – Айгүл Орынбек

-

Телетуындыны көрсеңіз, боевик, детектив жанрындағы фильмді көргендей әсерде болатыныңызға кепілдік береміз. Кез-келген уақытта қатысушылар бір-бірімен ұрысып, төбелесіп, жылап жатады.

«Еуразия» бірінші арнасында отбасылық жоба пайда болды. Неге десеңіз жобаның негізгі мақсаты- отбасылық құндылықтарды сақтау. Біздің қоғамда отбасылық құндылықтар  жойылып бара жатыр. Осы орайда «Қалаулым» бағдарламасы ертеңіміздің болашағы жастарға отбасылық құндылықтардың маңызын дәріптейді.  Егер қысқаша айтатын болсақ, мұнда өз махаббатын іздегендер және міндетті түрде отбасын құруға ұмытылғандар кездеседі. Ал жәй уақытша қызық іздегендер іріктеу кезеңдерінде шығып қалады»,-дейді тележобаны ұйымдастырушылар.

Расымен де «Қалаулым» реалити-шоуы басқа тележобалардан өзгеше екені көрініп тұр-ақ.  Телетуындыны көрсеңіз, боевик, детектив жанрындағы фильмді көргендей әсерде болатыныңызға кепілдік береміз. Кез-келген уақытта қатысушылар бір-бірімен ұрысып, төбелесіп, жылап жатады. Бір қарасаңыз күліп отырады. Көңіл күйіңіз әп-сәтте өзгереді. Бірақ жоғарыда атап өткендей отбасылық құндылықтарды дәріптейтін бағдарламаны көре алмайсыз. Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген қанатты қағида бар. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бұл мәселені назардан тыс қалдырған емес. Себебі, қай уақытта болмасын мемлекеттің дамуына қоғамдағы отбасы жағдайына байланысты баға беріледі. Ал бұл бағдарлама қазақы менталитетке жат дүниені көрсетеді. Өмірлік серік іздеген жандар бұл бағдарламасыз да бірін-бірі табады. Бұл жоба қоғамға кері әсерін тигізетіні анық. Адам баласына бұл дүниеде ең керегі имандылық. Жақсы мінез-құлық, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет, ізгілік, жұмсақтық, мейірімділік, татулық-бірліктің бәрінің де қайнар көзі ол – имандылық.

«Қалаулым»бағдарламасында әйелдер ерлермен төбелесіп жатады. Ер азаматтар нәзік жандыларға қол көтеретінін көріп отырмыз.  Әйелдерге жарасатын жұмсақтықты көре алмайсыз, қазақта әйел адам ер адамды ерекше сыйлап өткен. Тіпті бір саты төмен тұру қағидасы да қазақтың қанына сіңген дүние. Ата-бабаларымыз қыздарды ерекше сыйлап, төрінен орын беріп отырған. Бұл бағдарламада имандылық, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін тың дүниелер көрсетілмейді. Жобаның басты мақсаты-жоғары рейтинг жинау деп айтуға толықтай негіз бар. Тіпті соңғы уақытта Facebook әлеуметтік желісінде  қоғамдық резонанс тудырып отыр. Әлеуметтік желіні белсенді пайдаланушы Айгүл Орынбек парақшасына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына ұсыныс емес талап ретінде хат жазды: «Құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы! Еліміздің басты мəдениеткері ретінде өзіңізге арнайы жазып отырмын. Бұны халықтың ұсынысы емес, талабы деп қарасаңыз дұрыс болар еді. «Евразия » арнасындағы «Қалаулым «- деген бағдарламасының жабылуын сұраймын. Себебі бұл бағдарлама қазақ жастарына дұрыс тəрбие беріп отырған жоқ. Қазақтың қызы ешқашан ер азаматқа «мен сені қаладым»- деп айтпаған. Бағдарлама боқ ауыз сөздерге, ұрыс-жанжал, төбелеске толы. Біз Қазақ елінің жастарына қандай тəрбие беріп жатырмыз? Елбасымыз жастарды рухани жаңғырта алмай жүргенде, сіздер жастардың рухани құлдырағанын қалайсыздар ма? Бұл бағдарламаға біздің салықтан қанша төленіп отыр? Бұл жоба кімдікі? Біздің жастарды осындай деңгейде көрсету кімге пайдалы? Ақ- қарасын шешіп, халыққа дұрыс жауабын бересіз деген үміттемін. Халқымыздың мəдениетін көтерейік! Əсіресе жастардың болашағы үшін танымдық бағдарламаларды көбейтейік!»,- деп қарсылығын білдірді.

Жастар – мемлекеттің іргетасы Һәм ажырамас бөлігі.  Ал жастарға теледидардың қалай әсер ететіні айтпаса да белгілі.Сарапшылар теледидарда көрсеткен бағдарламалар жастардың сана сезіміне әсер етіп қана қоймай, мінезінің қалыптасуында үлкен рөл ойнайтынын айтып дабыл қағуда. Сондықтан  интеллектуалды реалити-шоуларды шығарған жөн. Көрермендерді сапалы дүниелерді көруге үйреткен дұрыс. Қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын жобаларды көрсетіп, жастардың сана сезіміне сіңірген абзал!

Загрузка...
Загрузка...
Дереккөзіsn.kz

1 Пікір

  1. Жабылуын мен қаламаймын.Сондықтан егер Қалауым көргініз келмесе көрмей қойныз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті: оқиғаның мән-жайы

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды Павлодардағы аулалардың бірінде адам өлтірді. Бұл ақпаратты Sputnik...

Скотч жапсырылған банан 120 мың долларға сатылды

Флоридада өткен «Арт-базель» көркем өнер жәрмеңкесінде қабырғаға скотчпен жабыстырылған бананның суреті 120 мың долларға сатылды. Картина авторы Маурицио Каттеллан. Ол...

Желіде Тоқаевтың көмекшісі түсірген видео жарияланды

Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған болатын НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Германияға екі күндік ресми...

Жылқының еті 17 ауруға ем

Қазақ халқы төрт түліктің төресі деп төбесіне көтеретін жылқының қасиетін тауысып айту мүмкін емес. Ата-бабамыз еті мен сүті шипа...

Көп оқылды

Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті: оқиғаның мән-жайы

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды. Оқиғаға қатысты...

Скотч жапсырылған банан 120 мың долларға сатылды

Флоридада өткен «Арт-базель» көркем өнер жәрмеңкесінде қабырғаға скотчпен жабыстырылған...