Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

-

Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Жолаушылар тасымалдайтын көлікте 16 адам болған. Олар аязды күні жолда үсіп қала жаздаған

Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка-Қостанай тас жолында 16 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ адамдар үсіп қала жаздады, деп хабарлайды «Қазавтожол» АҚ.

Жол апаты бүгін болды. «КАВЗ-4238» қоғамдық көлігінің жүргізушісі оны басқара алмай қалып, жыраға түсіп кеткен. Автобуста 16 жолаушы болған, олардың қатарында бес жасар бала да бар.

Дегенмен жүргізуші амал табады. Ол тас жолға шығып, осы бағыттағы автобусты тоқтатып, барлық жолаушыны отырғызып жібереді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазір «Қазавтожол» қызметкерлері жыраға түсіп кеткен көлікті шығаруға көмектесіп жатыр. Апаттың алдын ала себебі – көлік құралының техникалық ақауы.

Еске салсақ, 27 қараша күні 45 жолаушысы бар автобус Алматы – Ташкент тас жолында тұрып қалған болатын. Ол да техникалық ақау шығып, сынып қалған еді. Көлікте 45 қазақстандық болған, оның бесеуі – балалар.

Загрузка...
Загрузка...
Дереккөзіsputniknews.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті: оқиғаның мән-жайы

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды Павлодардағы аулалардың бірінде адам өлтірді. Бұл ақпаратты Sputnik...

Скотч жапсырылған банан 120 мың долларға сатылды

Флоридада өткен «Арт-базель» көркем өнер жәрмеңкесінде қабырғаға скотчпен жабыстырылған бананның суреті 120 мың долларға сатылды. Картина авторы Маурицио Каттеллан. Ол...

Желіде Тоқаевтың көмекшісі түсірген видео жарияланды

Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған болатын НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Германияға екі күндік ресми...

Жылқының еті 17 ауруға ем

Қазақ халқы төрт түліктің төресі деп төбесіне көтеретін жылқының қасиетін тауысып айту мүмкін емес. Ата-бабамыз еті мен сүті шипа...

Көп оқылды

Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті: оқиғаның мән-жайы

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды. Оқиғаға қатысты...

Скотч жапсырылған банан 120 мың долларға сатылды

Флоридада өткен «Арт-базель» көркем өнер жәрмеңкесінде қабырғаға скотчпен жабыстырылған...