Арыста тағы да жарылыс болды

Загрузка...

13 қыркүйекте Арыс қаласында әскери қызметкерлер қойма аумағын оқ-дәрілер фрагменттерінен тазарту жөніндегі жоспарлы жұмыстарды орындау кезінде жарылыс болды.Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады

Жарылыстан төтенше жағдай салдарларын жою жұмысын орындау кезінде келісімшарт қызметінің 4 әскери қызметшісі жарақат алды. Олардың барлығы әскери бортпен Алматы қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталіне жеткізілді. Осы факті бойынша әскери полиция тексеру жүргізуде.
«Бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне ешқандай қатер төнбейді, жағдай бақылауға алынды. Қала аумағын және оқ-дәрілерді сақтау объектілеріне іргелес аумақтар тазартылғаннан кейін оқ-дәрілер фрагменттерінің негізгі бөлігі бөлім аумағында тұрғанын және бейбіт тұрғындарға ешқандай қатер төндірмейтінін естеріңізге саламыз. Әскери қызметшілердің әскери бөлім ішінде оқ-дәрілер фрагменттерін жинау және жою жұмысына белгілі бір уақыт талап етіледі. Осыған байланысты, Қорғаныс министрлігі тек ресми дереккөздерге сенуді және расталмаған ақпарат таратпауды сұрайды. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі күдікті заттар табылған кезде дереу 102 нөміріне хабарласып, өз бетімен ешқандай әрекет жасамау қажет екенін еске салады», – деп хабарлайды министрлік.

aikyn.kz

 

Загрузка...
Загрузка...
Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: