Астанада 5 баланың өмірін қиған қайғылы жағдай үшін бірінші кезекте ІІМ-нің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне жауапкершілік артылады. Бүгін «Ақ жол» фракциясының депутаты Азат Перуашев осындай пікір айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мәжілісменнің айтуынша, Астанадағы қайғылы жағдайдан кейін Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет жауапкершіліктен басын ала қашқан.

«Астанадағы қайғылы оқиғамен қатар Қызылордада үш бала, екі күннен кейін Павлодарда бүтіндей бір отбасы қаза болды, содан кейін Шымкенттегі қайғылы оқиға. Көптеген миллиардтаған бюджеті бар қызметтер болса да, өкінішке қарай, өрт қауіпсіздігі, адамдардың қауіпсіздігі мәселесі бізде екінші орынға сырғып кетіп жатыр.

Өртке қатысты айтар болсақ, бұл төтеншге жағдайлар комитетінің тікелей жауапкершілігі. Отставка туралы өз қозғасақ, ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің отставкасы туралы айтуымыз керек. Бұл олардың тікелей жұмысы», – дейді Азат Перуашев.

Сонымен қатар ол оқиғаға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың кінәлі еместігін атап өтті. Десе де  ол әлеуметтік салаға жауапты, дейді ол.

«Әрбір шенеунік өз жұмысы үшін жауапкершіліктен бас тартпауы керек. Әбілқасымова 16 мың теңге көп деді. Меніңше, бұл үлкен қателік. Бірақ, бұл қателіктің жуырдағы трагедияға тікелей қатысы жоқ… Ол үй бұл сөзден кейін жанып кеткен жоқ, біз осыны түсінуіміз керек.

Ол үкіметте отырған ойыншық емес. Мен Әбілқасымова ханымды құрметтеймін, бірақ министр ретінде ол әлеуметтік салаға жауапты. Сондықтан халықтың талабы орынды деп санаймын. Министрді отставкаға кетіру керек пе? Жұртшылық министрден қандай да бір әрекеті үшін жауапкершілікті талап етуге құқылы. Әрбір министр өз саласына жауап беруі тиіс», – дейді мәжілісмен.

Сондай-ақ, Перуашев «Ақ жол» фракциясы мәжілістің жалпы отырысында көпбалалы жанұяларға берілетін жәрдемақы және баспана мәселелерін көтеретінін айтты.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...
Загрузка...
Загрузка...