Мәдина Сәдуақасова купальникпен түскен суретін жариялап, елдің көңілін қалдырды

Шетелде жүрген Мәдина Сәдуақасова жағымсыз қылығымен елдің сөзіне ілікті. Танымал әнші купальникпен түскен суретін жариялаймын деп қатал сынға ұшырады, деп жазады Stan.kz.

Былтырғы жылы Мәдина ата-анасымен ілесіп Түркия еліне барып қайтқан болатын. Сондай-ақ, жары мен ұлын ертіп, бірнеше мәрте жат елден сәлем жолдағаны ел есінде. Бұл жолы Сәдуақасова алғаш рет туған екі сіңлісімен бірге демалуда. Сөзіне сенсек, олар демалып жатқан аралда бірде бір адам тұрмайды.

“Бір де бір жан тұрмайтын арал, тек тағам дайындайтын тайдың бір түйір қызы және біз”, – дейді Мәдина.

Күні кеше Сәдуақасова демалыс сәтінен сурет жариялаймын деп сынға ілікті. Желі қолданушылары ашық су киімімен тәнін көрсеткен әншіге ашуланды.

“Маған десең тыр жалаңаш жүр. Ақыры ешкім жоқ екен ғой. Бірақ жарияға салмашы”, “Сен сияқты киеміз, бірақ елге жарияламаймыз, оған қазақи ар-намыс жібермейді”, “Мәдина апай, сізді бұлай жартылай жалаңаш көрмеген соң қызық болып тұр, өзіңіздің қарапайымдылығыңызды жоғалтпаңызшы өтініш”, “Киіңіз, бірақ сіз халық алдындағы адамсыз. Сахна адамы. Басқа әншілер де барып жатыр, сіз сияқты салып жатқан жоқ. Әсіресе қазақ елі кеше ғана бүлдіршіндерінен айырылғанда”, “Қазақ қыздарын киіндіре алмай жатқанда сізге не жоқ жарысып? Жалаңаш жүрсеңіз де өзіңіз білесіз, бірақ елге көрсету міндетті ма?” – деп жазды желі қолданушылары.

P.S. Мадинаның бұл суретін жария етпеуді жөн көрдік! 

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...
Загрузка...
Загрузка...