Партия ашу туралы жоспарымды айта алмаймын – Ринат Зайытов

-

Айтыскер ақын Ринат Зайытов партия ашуға қатысты алдағы жоспарын бөлісе алмайтынын жеткізді. Айтуынша, бұған себебі де жоқ емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Жас Алаш» сайтына сілтеме жасап.

«Мен қазір сізге партия ашу туралы жоспарларымды айтып бере алмаймын. Себебі, жоспарымызбен бөліссек алдағы мақсаттардың орындалуына кедергілер көбейіп кетеді. Сондықтан, онымен бөлісу өзім үшін дұрыс емес деп санаймын. Ренжімеңіздер. Ешқандай да толыққанды ақпаратты әзірге бере алмаймын. Жалпы, ондай ақпараттарды баспасөзге айтып беру түгілі кішігірім ортада айтуға болмайды. Оның басқаша тарап кететініне көзім жетті», – дейді айтыскер.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 10 маусым күні Ринат Зайытов Алматы қаласында саяси партия ашатынын мәлімдеген болатын. Алматы Арена маңына тәуелсіз бақылаушылармен келіп президенттік сайлаудағы заңсыздықтарды жарияламақшы болғанда оны полиция ұстап алып кеткен еді.

Сол күні кешке Алматы полиция департаменті алдына жүздеген адам шығып айтыскерді босатуды талап етті. Артынша полиция айтыскерді босатқан-ды. Ринат Зайытов көпшіліктің тарауын сұрады. Алайда, қала көшелерінде автошеру өтіп, ондаған адамды полиция ұстап алып кеткен. Содан бері айтыскер қоғамдық өмірдегі белсенділігі бәсеңдеп, айтыстан да көрінбей кетті.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...