Қажылықта жүрген Қайрат Нұртас отбасымен бірге өрттен қайтыс болған бес қыздың ата-анасына көңіл айтты деп жазады NUR.KZ.

Әкесі мен анасын, жұбайын жанына алған әнші орны толмас қазаға өкініш білдіріп, бүлдіршіндердің туыстарын бекем болуға шақырды.

«Кешегі марқұм болған бес сәбиімізді Алла панасына алсын! Шынымен де қазақ үшін орны толмас қаза болды. Менің атымнан жәнеде отбасымыздың атынан көңіл айтамыз! Ата-анасына Алла тағала сабыр берсін», — деп видео жолдады әнші.

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан болатын. Қызыл жалынды сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмағаны анықталды.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 13 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді.

Ал 5-ші қаңтарда өртке оранған үйде ажал құшқан апалы-сіңлілі қызды жер қойнына тапсырды.

Сондай-ақ, жұрт еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қызметінен кетуін талап етті.

https://www.instagram.com/p/BtgdzyGlXjG/?utm_source=ig_embed

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...
Загрузка...
Загрузка...