Күні кеше Астанада тілсіз жау бес баланың өмірін қиды. Бір отбасы бес бірдей баласыныан айырылып қалды. Халық қара жамылған ата-анамен бірге қайғырып, басу айтты.

Ата-анананың бес баладан бір күнде айырылғаны бәріне ауыр соқты. Ел-жұрт ерлі зайыптымен бірге қан жұтып отыр. Ата-анаға көңіл айтып, сабырлыққа шақыруда. Өнер жұлдыздары бұл туралы желідегі парақшасында жазып, басу айтты. Ақын Кеңшілік Тышқанұлының бүлдіршіндерді жоқтаған өлеңі желіде тарап кетті. Желі қолданушылары өлеңді желіде бөлісіп жатыр.

Журналист, тележүргізуші Мейіржан Әлібек те балапандардың қазасы жайлы өлең жазып, ата-анасына сабырлық тіледі.

Төрінде өртке оранып Астананың,

Ананың жасқа малып қос жанарын.

Бір үйдің бес баласы қаза болды,

Жоқ менің жұбатудан басқа амалым.

Жаратқан отыз ұлын бірдей алған,

Дәуіттей пайғамбарды еске аламын.

Одан соң отыз ұлға татитындай,

Ұл берген құрсағына жақсы ананың.

Ол бала Сүлеймендей пайғамбар боп,

Дәуіттей ізін басқан хас дананың.

Артында қиындықтың жеңілдік бар.

Алдыңнан шықпағанмен тоспағаның,

Енді осы атаанаға ұл бершіАллаһ,

Орынын басатындай бес баланың, – деп жазды ол. 

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды. Бір отбасы бес бірдей қызынан айырылды. Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршіндер тілсіз жаудың құрбаны болды.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...
Загрузка...
Загрузка...